Газа секторында қанша Қазақстан азаматы жүр – СІМ жауабы

Министрлік: Газа секторынан 100-ден аса адамды Қазақстанға жеткізу мәселесі пысықталып жатыр

Админ

Қазақстан азаматтарын Газа секторынан шығару жұмыстары бойынша келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біздің дипломатиялық өкілдік Газа секторындағы Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста. Атап айтқанда, осы аумақтан азаматтарымызды аман-есен шығарып алу мақсатында Мысыр үкіметімен де және басқа да ресми тұлғалармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Қазір 45 мемлекет өз азаматтарын шығарып алуға талпынып отыр. Әзірге бірде-бір шетел азаматы осы өңірден шыға алмады. Осы бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз», - деді Қ. Омаров Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір Газа секторындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек жасауға ерекше мән беріліп отыр. Осы өңірге гуманитарлық жүк тиелген көліктер өткізіліп жатыр.

«Ол жерде жағдай өте күрделі. Қақтығыс аумағында еліміздің нақты неше азаматы қалғаны тұралы мәліметті анықтап жатырмыз. Байланысқа шықпай жатқандары да бар және бұған дейін аты аталмаған басқа адамдар да анықталып отыр. Сондықтан қазір нақты адам санын айту мүмкін болмай тұр. Өткізу бекеті ашылып, азаматтарды шығарып алсақ, олардың азаматтығын анықтаймыз», - деді министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматының көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. 

Биылғы 16 қазан күні Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі Қазақстанның елшілігіне 100-ден аса еліміздің азаматы жәрдем көрсету туралы өтініш жасағанын айтты. Сонымен қатар Газа секторынан тағы 100-ден аса адамды Қазақстанға жеткізу мәселесі пысықталып жатыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30