Алматыда курсанттар балалар үйінде әскери мамандық туралы әңгімелеп берді

Балаларға ойыншықтар, үстел ойындары мен тәттілер тарту етті

Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орнының курсанттары «Жанашыр жүрек» акциясын өткізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Республика күні қарсаңында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары облыстық балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін қуантты.

Мекемеде әрқилы тағдыр тәлкегіне тап болған балалар бар. Сондықтан болар, олар әскери киім киген жастармен қауышқанда ерекше тебіреністе болды.

Курсанттар да орталыққа құр қол келген жоқ. Олар тәлімгерлерге ойыншықтар, үстел ойындары мен тәттілер тарту етті.

«Бұл орталықта әртүрлі жағдайға байланысты ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар тұрады. Оларға осылайша жан жылуын сыйлай алатынымызға қуаныштымыз. Бұл мекемемен байланысты нығайтқымыз келеді, өйткені сыйлықтардан басқа, балаларға әскери мамандық туралы әңгімелеп, олардың көкжиегін кеңейте аламыз», – деп атап өтті курсант Имамәлі Досполов.

Кездесу соңында акцияны ұйымдастырушылар концерт қойып берді.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде қайырымдылық шараларын өткізу жақсы дәстүрге айналып отыр. Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қол ұшын береді. Олармен әрдайым байланыста болу, үй шаруаларына көмектесу, іс-шараларды, концерттер мен экскурсияларды ұйымдастыру балаларға қиындықты, жалғыздықты және сырқатты жеңуге ықпал етері анық.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30