«Палестина халқының тарихи құқығын қолдаймыз»: ҚМДБ мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестинадағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестинадағы қантөгіске байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейді.

«Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуді үндейді.

Сондай-ақ, Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығын мәлімдейміз.

Еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті мекеннің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасауға шақырамыз. Алла Тағала жер бетін түрлі бүліктер мен соғыстан аман еткей.

Әмин!» - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасындағы қантөгіс басталғалы бері 3700-ден аса палестиналық қаза болды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19