Сырым Шәріпханов әріптестерін Құтқарушылар күні мерекесімен құттықтады

Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда аталып өтеді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов әріптестерін Құтқарушылар күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері, өрт сөндірушілері, құтқарушылары, әскери қызметшілері, курсанттары, оқытушылары, барлық қызметкерлері мен мамандары, сіздерді Құтқарушы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Ең алдымен, барлықтарыңызға бізге жүктелген міндеттерді, оның қиындықтары мен қауіптілігіне қарамастан, абыроймен, адал атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын.

Соңғы уақытта тек біздің елімізде ғана емес, көрші мемлекеттерде де болып жақан төтенше жағдайлар, біздің жүйе үшін үлкен сынақ болды.

Біздің құтқарушыларымыз гуманитарлық миссия атқару аясында Түркия мен Ауғанстанда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгенін ерекше атап өткім келеді. Кәсіби біліктілік деңгейі, жылдар бойы жинаған тәжірибесі, ең күрделі міндеттерді пысықтау жылдамдығы мен шапшаңдығы жағынан біздің құтқарушыларымыз үздіктердің қатарында болды. 

Сондықтан біздің азаматтарымыз ТЖМ қызметкерлерінің кез-келген уақытта күні-түні көмекке келуге дайын екенін, әрбір адамды құтқару  үшін зілзаламен күресіп, тіпті өз өмірін қиятынын біледі.

Өз міндеттерін атқару кезінде, басқаның өмірін құтқару жолында қайтыс болған әріптестеріміз мәңгі есте қалады.

Өз ісіне адал қызмет етіп, құрметке ие болған және бүгінде өздерінің мол тәжірибесін жас құтқарушыларға үйретіп жүрген ведомствоның ардагерлеріне алғыс білдіргім келеді.

Бүгінде Құтқарушы күні төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою ісіне тікелей қатысатын мамандардың барлығын біріктіретін шын мәніндегі жалпыхалықтық күн болды.

Баршаңызды Құтқарушы күнімен тағы бір мәрте  құттықтаймын.

Адалдық, батылдық пен батырлық таныта отырып, қызметтік міндеттеріңізді абыроймен орындаңыздар.

Сіздерге денсаулық, бақыт, сәттілік және төтенше жағдайлардың аз болуын тілеймін!

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30