Елімізде зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары үшін «111» нөмірі іске қосылды

Бұл нөмірге тәулік бойы хабарласуға болады

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері талқыланды. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.

Осы тапсырманы орындау аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы (бұрын «AMANAT» партиясы жанында жұмыс істеген) іске қосылды.

Тәулік бойы хабарласуға болады.

Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.

Қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.

Көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.

Сондай-ақ әрбір жағдай бойынша операторлар «дәл осы сәтте» қағидатын басшылыққа ала отырып, жекелеген мәселе бойынша кешенді көмек көрсететін болады. Барлық қажетті мемлекеттік орган мен қызметті міндетті кері байланыс тәсілін қолдана отырып, бір мезгілде қосу көзделген.

Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және тағы басқа нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«Аталған шаралар азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады, сондай-ақ өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ», — деді Тамара Дүйсенова.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52