Армения енді Ресейді өзінің қауіпсіздік кепілі деп санамайды – Пашинян

Бұл туралы Армения премьер-министрі Politico басылымына берген сұхбатында мәлімдеді

Нұрдәулет Кәкіш

Ресейдің Украинада әскери операция өткізуіне байланысты Әзербайжанмен ашық қақтығыстың қайта басталуына алаңдаушылық күшейіп жатқандықтан, Армения өз қауіпсіздігінің кепілі ретінде Мәскеуге сене алмайды. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Politico басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Украинадағы оқиғалардың нәтижесінде Ресейдің мүмкіндіктері өзгерді», - деді Пашинян.

Ол әскери операция басталғаннан кейін Мәскеу Әзербайжанмен және оның одақтасы Түркиямен жақсы қарым-қатынасты сақтауға ұмтылып жатқанын жеткізді.

«Біздің стратегиямыз осы жағдайда басқаларға тәуелділікті барынша азайтуға тырысу керек. Біз тәуелсіз ел, егемен мемлекет болғымыз келеді. Бірақ біз батыс пен шығыс, солтүстік пен оңтүстік арасындағы қақтығыстардың орталығында болмауымыз керек», - деді Армения премьер-министрі.

Сондай-ақ Пашинян Таулы Қарабақтағы Ресей бітімгерлерінің «сәтсіз» әрекетін тілге тиек етті. Бірақ ол:

«Егер Ресей бітімгерлері Таулы Қарабақта болмаса, қазір жағдай жақсы болар еді деп айта алмаймын», - деп қосты.

Сонымен қатар 13 қыркүйек, сәрсенбі күні ел парламентінің мінбесінде Пашинян Армения Халықаралық қылмыстық соттың (ICU) Рим жарғысын ратификациялайтынын мәлімдеді.

«Бұл Армения-Ресей қатынастарымен ешқандай байланысы жоқ. Бірақ Арменияның қауіпсіздігі мәселесіне қатысты бар», - деп берді оның сөздерін Sputnik Армения.

Армения премьер-министрі Рим жарғысын ратификациялау процесі Армения-Ресей қатынастарымен байланысты емес деп бірінші рет сендірген жоқ. Алайда Мәскеу бұл жағдайды Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындау туралы ICU шешімі аясында екіжақты қатынастарға одан әрі зиянын тигізетінін хабарлады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

Кеше, 10:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31