«Грузин ұлттық легионы» Ресейдің «террористер» тізіміне енгізілді

Мәскеуде «Грузин ұлттық легионының» басшысы Ушанги (Мамуку) Мамулашвилиге сырттай үкім шығарылды

Нұрдәулет Кәкіш

Грузияның «Грузин ұлттық легионы» жауынгерлік бөлімшесін Ресей соты террористік ұйым деп танып, террористік ұйымдар тізіміне енгізілді. Бұл туралы ТАСС агенттігі Ресей Федерациясының ФСБ қоғамдық байланыстар орталығына сілтеме жасап жазды. Бұдан былай «Грузин ұлттық легионы» қызметіне Ресей аумағында тыйым салынғаны аталып өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Мәскеуде «Грузин ұлттық легионының» басшысы Ушанги (Мамуку) Мамулашвилиге сырттай үкім шығарылды. Басылымда атап өткендей, қазіргі уақытта ФСБ мемлекеттік қауіпсіздік қатерлерін анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастыруда.

ФСБ мәліметтері бойынша, «Грузин ұлттық легионы» ұлттық негізде жасақталған ең ірі қарулы құрылым болып саналады.

«Грузин ұлттық легионы» 2014 жылы Грузияның жауынгерлік тәжірибесі бар азаматтарынан құрылған ерікті әскери бөлім Украинаның шығысындағы әскери іс-қимылдарға белсенді қатысты. Қазіргі уақытта ол Киев облысының 25-ші аумақтық қорғаныс батальонының құрамында Украинаны Ресейдің шабуылынан қорғауға қатысады. 

Ушанги Мамулашвили Ресейде сырттай қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жалдамалыларды Украина Қарулы күштері жағында әскери қимылдарға тартқаны және қатысқаны үшін, өткен жылдың қазан айында Ресейдің ІІМ іздеуде деп жарияланды. Бұған дейін Ресей Федерациясының Тергеу комитеті «Грузин ұлттық легионының» 70-тен астам қатысушысын сырттай қылмыстық жауапкершілікке тартқанын жазды ТАСС.

«Грузин ұлттық легионы» Ресейде террористік деп танылған 51-ұйым болды. Бұған дейін Ресей сотының шешімімен Ресейге қарсы Украина жағында соғысып жатқан «Ресей еріктілер корпусы» еріктілер бөлімі де «террористік ұйым» деп танылды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19