Bloomberg: ЕО-да газдың Украина арқылы жеткізілімдері талқыланып жатыр

«Украина арқылы газ транзитін сақтаудың бір нұсқасы – оны Әзербайжаннан сатып алып, қолданыстағы инфрақұрылым арқылы одан әрі жеткізу»

Нұрдәулет Кәкіш

ЕО шенеуніктері 2025 жылы Ресей-Украина негізгі құбыры арқылы газ жеткізуді жалғастыру туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Талқыланған нұсқалардың бірі – еуропалық компаниялар Әзербайжаннан газ сатып алып, оны Еуропаға баратын ресейлік құбырларға жіберу.

«Мұндай келісім Еуропаға Мәскеудің кірісін азайтуға тырысып жатқан кезде Ресей газын сатып алудың ыңғайсыздығын болдырмауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Bloomberg.

Мұндай перспектива Украинаға пайдалы болатынын жазады журналистер. Олардың мәліметтері бойынша, 2021 жылы Украинаның газ транзитінен түскен кірісі шамамен 1 миллиард долларды құрап, соғыстан қираған экономиканы қаржыландыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар пайдаланылмаған құбырлар әскери мақсатқа айналуы немесе жарамсыз болып қалуы мүмкін деген алаңдаушылық бар, бұл оларды қалпына келтіру үшін үлкен шығындарды қажет етеді.

Әзербайжандық SOCAR мемлекеттік компаниясы әзірге бұл жоспарға қатысты түсініктеме бермеді. Ресей Федерациясының Үкіметі де, «Газпром» компаниясы да журналистер жолдаған сауалға жауап берген жоқ.

Bloomberg бағалауы бойынша, әзірге бастапқы сатыда тұрған тиісті келіссөздердің нәтижелерін 2024 жылдың соңына қарай күту керек.

«қыс жақындаған кезде және Украинамен ресейлік газ транзиті туралы келісімшарттың аяқталу күні жақындағанда қысым күшейеді. Көптеген мәселе әлі де егжей-тегжейлі нақтыланбаған, тараптардың жуық арада мәмілеге келе қоюы да екіталай. Майдандағы жағдайдың ушығуы да маңызды факторға айналуы мүмкін», – деп жазады журналистер.

2022 жылдың жазында Ресей Федерациясынан газ жеткізілімі қысқарғаннан кейін Германия билігі банкроттыққа жол бермеу үшін Uniper SE неміс энергетикалық концернін мемлекет меншігіне алған. Алайда концерннен бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Әзербайжанға сапары кезінде Украина арқылы өтетін газ құбыры арқылы жеткізуді жалғастыру мүмкіндігі туралы айтқанын еске салады агенттік.

«Енді мұның бәрі ресейлік «Газпром», Әзербайжан, Украина және басқа да компаниялар арасындағы экономикалық және баға шарттарын келісу үшін жүргізіліп жатқан келіссөздерге байланысты», – деп келтірді агенттік Фицоның журналистерге мамыр айында берген сұхбатындағы сөзін. «Егер бұл шарттар келісілсе, Словакия Әзербайжаннан газ импорттай алады, оның бір бөлігі Словакияда қалады, ал бір бөлігі басқа елдерге кетеді».

Алайда Словакия Үкіметінің өкілі бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты.

Мұндай мәміледен пайда көретін тағы бір ел Аустрия болатынын атап өтті Bloomberg. Алайда Энергетика министрлігінің өкілдері бұл тақырыпқа түсініктеме беруге құлықты болмады.

Өз тарапынан Украинаның «Нафтагаз» компаниясының басшысы Алексей Чернышов Украинаның газ тасымалдау жүйесі жұмысын жалғастыратын шешім табу үшін бәрін жасайтынын атап өтті, өйткені «бұл үлкен актив және оған сатып алушы қажет» екенін жеткізді.

Наурызда Украинаның Энергетика министрі Герман Галущенко Киевтің газ транзиті бойынша Ресеймен қосымша келісімдер жасасуға немесе келісімнің қолданылуын ұзартуға ниеті жоқ екенін растады. Бұл келісімшарт 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22