Украина бойынша бейбітшілік саммитіне 90 ел мен ұйым қатысатын болды

80 мемлекет пен 10 ұйымның өкілдері Украина бойынша Швейцария бейбітшілік саммитіне қатысады. Ресей бұл кездесуге шақырылған жоқ.

Нұрдәулет Кәкіш

Маусым айының ортасында Швейцарияда өтетін Украина бойынша Бейбітшілік саммитіне 90 ел мен ұйым тіркелді. Бұл туралы 10 маусым, дүйсенбіде ресми Берн мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

Швейцария президенті Виола Амхерд конференцияға өзінің қатысуын ресми түрде растаған әлемнің барлық аймағынан 80 мемлекеттен делегация мен 10 түрлі халықаралық ұйым, соның ішінде БҰҰ атынан өкілдік ететінін айтты. Бұған дейін Украина президентінің кеңсесінде 107 елдің өкілдері Швейцария саммитіне қатысқандарын растаған. 

«Саммитте ұсынылған барлық мемлекеттер Украинада әділ және берік бейбітшілікке қалай жетуге болатындығы туралы өз идеялары мен көзқарастарын енгізуі керек», – деп атап өтті Швейцария Сыртқы істер министрлігі.

Ел президенті кездесуді «тұрақты бейбітшілікке алғашқы қадам» деп сипаттады.

Ресей кездесуге шақырылмады. Бірақ Швейцария үкіметінің хабарлауынша, конференцияның мақсаты «жол картасын бірлесіп әзірлеу» болады, бұл болашақта Ресей Федерациясы мен Украинаны бейбіт процеске тартуға мүмкіндік береді.

Саммитте Ресей өкілдерінің болмауы Қытай сияқты Мәскеудің ықпалды одақтастарын конференцияға қатысудан бас тартуға мәжбүр етті. Бұл келіссөздердегі кез келген үлкен серпілістің үмітін азайтты.

Сонымен қатар Швейцарияның Сыртқы істер министрі Игнацио Кассис хабарлағандай, кездесуде ядролық және азық-түлік қауіпсіздігі, кеме қатынасы бостандығы, сондай-ақ әскери тұтқындарға қатысты гуманитарлық мәселелер сияқты түйткілдер талқыланады.

Украина бойынша жаһандық бейбітшілік саммиті 15-16 маусымда Люцерн қаласының маңындағы Бюргенсток тау курортында өтеді. Кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский, Франция президенті Эммануэль Макрон, АҚШ вице-президенті Камала Харрис, ГФР канцлері Олаф Шольц және Жапония премьер-министрі Фумио Кисида қатысады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30