Илон Маск компаниясы әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер жасап шығарады

Суперкомпьютер жасанды интеллект негізіндегі жүйелерді жеделдетуге арналған Nvidia H100 графикалық процессорларымен жұмыс істейтін болады

Админ

Илон Масктың X.AI компаниясы Мемфисте (Теннесси, АҚШ) әлемдегі ең үлкен суперкомпьютер құрастырады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

«X.AI Gigafactory of Compute («есептеу қуаттылықтарының гигафаборикасы») әлемдегі ең үлкен суперкомпьютер Мемфисте орналасатынын қуана хабарлаймын. Адамдарды Марсқа жіберу үшін қажетті есептеу ресурстарын елестетіп көріңіз. Олар осында Мемфисте болады», – деді Үлкен Мемфис Cауда палатасының басшысы Тед Таунсенд.

Сауда палатасы басшысының айтуынша, жобаны іске асыру үшін Мемфис пен Шелби округінің экономикалық даму органдарынан, Теннесси өзенінің алқабының әкімшілігінен және басқа да бірнеше агенттіктен рұқсат алу талап етіледі.

Суперкомпьютер жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі жүйелерді жеделдетуге арналған Nvidia H100 графикалық процессорларымен жұмыс істейтіні белгілі. Оның бұрын тұрмыстық техника шығарған швециялық Electrolux Group компаниясына тиесілі зауытта орналасатыны анықталып отыр.

Таунсенд X.AI компаниясымен суперкомпьютер жасау туралы келіссөздер осы жылдың наурыз айында басталғанын айтты. Бұған дейін Маск өзінің стартапы 2025 жылдың күзіне қарай суперкомпьютер шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

__Последние новости

  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

Кеше, 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22