Байден: Украина АҚШ-тың қару-жарағымен Мәскеуге шабуыл жасай алмайды

АҚШ Украинаға берілген қаруды шекарадан алыс орналасқан Ресей аумағына соққы беру үшін пайдалануға рұқсат бермеді

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ президенті Джо Байден Киевке берілген американдық қаруды Мәскеуге немесе шекарадан едәуір қашықтықта орналасқан басқа аумақтарға соққы беру үшін қолдануға болмайтынын, тек Украинамен шекаралас Ресей аумағында қолдануға рұқсат берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз Ресейге 200 мильдік соққыларға және Мәскеу мен Кремльге соққыларға рұқсат бермейміз», – деді Байден Францияға одақтастардың Нормандияға қонғанына 80 жыл толуына орай еске алу іс-шараларында.

Сонымен қатар ол Ресей Федерациясының аумағындағы әскери нысандарға соққы беру үшін американдық қару қолданылды ма деген сұраққа тікелей жауап берген жоқ.

Байден Ресей президенті Владимир Путинді «азғын адам» деп атады.

«Ол диктатор, шабуылды (Украинаға – ред.) жалғастыра отырып, өз елін уысында ұстауға тырысады», – деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Вашингтон Харьков облысына ресейлік соққылардың күшеюі аясында Киевке Ресейдегі нысандарға жасырын түрде соққы беруге рұқсат бергені белгілі болды. Алайда Politico басылымы мен CNN телеарнасының жарияланымдарында аталып өткендей, Ресей Федерациясының шабуылына ұшыраған Харьковты қорғау мақсатында рұқсат тек Харьков облысымен шекарадағы аумақтарға қатысты болған.

Франция, Литва, Латвия, Канада, Швеция, Эстония, Польша, Германия, Финляндия, Чехия, Ұлыбритания және Нидерланды да осындай мәлімдемелер жасады.

Мамыр айында НАТО мен ЕО Батыс қаруының Украина әскери күштерінің қолдану шектеулерін алып тастауға шақырды. Бұған жауап ретінде Ресей Федерациясы Вашингтонды Ресей аумағына украиналық зымыран соққыларының «салдары қатты» болатынын ескертті. Өз кезегінде АҚШ президенті Байден егер Батыс елдері Украинаға көмектесуді тоқтатса, Батыс пен Ресейдің соғыс қаупі артатынын айтты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскери бөлімнің құрылған күні атап өтілді

Бүгін, 11:20
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРГЕ БЕЙІМДЕЛІП ЖАТЫР

Кеше, 12:19
  • Басты назарда

Алғашқы атыс жаттығулары

02/12/2024 - 15:17
  • Басты назарда

Балқаш қаласында батырдың ізі қалған

30/11/2024 - 15:58
  • Басты назарда

Қарағандыда батырлар аллеясы ашылды

30/11/2024 - 10:57
  • Басты назарда

Әскери тәртіп жайы қаралды

29/11/2024 - 10:52
  • Басты назарда

ТӘРБИЕШІ-ОФИЦЕРЛЕР БАСҚОСУЫ

28/11/2024 - 16:47
  • Басты назарда

Командирлік дайындық пысықталды

28/11/2024 - 14:51
  • Басты назарда

Сарбаздар өз тәжірибелерімен бөлісті

28/11/2024 - 11:46
  • Басты назарда

«Балдәурен» орталығына аттанды

28/11/2024 - 10:50
  • Басты назарда

Әскери бөліммен етене танысты

27/11/2024 - 15:44
  • Басты назарда

Біз – Жеңіс жолының жалғаушысымыз!

27/11/2024 - 13:59
  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

26/11/2024 - 15:53