NYT: Джо Байден D-Day мерейтойында Путинді Гитлермен салыстырды

Байденнің Рон американдық зиратында сөйлеген сөзінің негізгі тақырыбы Еуропаны соғысты бастаған диктатор Владимир Путиннен бостандықты қорғау туралы болды

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ президенті Джо Байден 6 маусымда Францияға одақтас әскерлердің қонғанына 80 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде Украинаның Ресейдің әскери агрессиясынан қорғанысын фашистік Германияға қарсы соғыспен салыстырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The New York Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Байденнің Рон американдық зиратында сөйлеген сөзінің негізгі тақырыбы Еуропаны соғысты бастаған диктатор Владимир Путиннен бостандықты қорғау туралы болады», – деп жазды газет дереккөздерге сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, АҚШ президенті Батыс одақтастарының Украинаны қорғау жөніндегі күш-жігерін Еуропаның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жүргізген бостандық үшін күресінің жалғасы ретінде ұсынады.

«Байденнің сөйлеген сөзінде осы екі оқиға арасында тікелей параллельді байланыс болды. Ал одақтастардың әрекеттері Ресей бұзған халықаралық тәртіпті қорғаумен түсіндірілді», – делінген басылымда.

Джо Байденнің сапары төрт күнге созылады, Нормандиядағы мерейтойлық іс-шараларда ол Франция президенті Эммануэль Макронмен, Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен, Германия канцлері Олаф Шольцпен бірге болады.

Ресей делегациясы одақтастардың қонуының мерейтойын атап өтуге шақырылған жоқ.

Сонымен қатар Нормандияда Байден Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.

«АҚШ президенті Зеленскиймен АҚШ-тың «Украинаны қолдауды қалай жалғастыра және тереңдете алатынын» талқылауға мүмкіндік алады», – деген болатын Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30