Словакия премьер-министрі қастандық жасаған адамды кешіретінін мәлімдеді

Роберт Фицо ауыр жарақат алған қастандықтан кейін алғаш рет бейнеүндеу жасады

Нұрдәулет Кәкіш

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо ауыр жарақат алған қастандықтан кейін алғаш рет бейнеүндеу жасады. Ол шабуылдаушыны жек көрмейтініне сендірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – оның үш апта бұрын – қастандық жасалған кезде ауыр жарақат алғаннан кейінгі алғаш рет жұрт алдына шығуы.

Еуропарламент сайлауы қарсаңында өзінің Facebook парақшасында жарияланған бейнеде Фицо шабуыл оның денсаулығына ауыр зиян тигізгенін және егер ол бірнеше аптадан кейін жұмысқа оралса, бұл «кішкентай ғажайып» болатынын айтты.

Естеріңізге салсақ, қастандық 15 мамырда Р.Фицоға Словакияның Гандлов қаласында үкіметтің көшпелі отырысы өткеннен кейін халық алдына шыққан кезде жасалды.

Сот премьер-министр Роберт Фицоның өміріне қастандық жасады деген күдікке ілінген 71 жастағы зейнеткер және «Озық Словакия» оппозициялық либералдық партияның жақтаушысы Юрай Цинтуланы қамауға алды.  

Фицо өткен аптада емін әрі қарай үйінде жалғастыру үшін ауруханадан шығарылған болатын. 

Премьер-министр маусым мен шілде айларының арасында жұмысқа оралады деп жоспарланған және ол шабуылдаушыны «жек көрмейтінін» айтты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30