Шектеулер 5 маусымнан бастап күшіне енді
АҚШ президенті Джо Байден Мексикамен шекараны заңсыз кесіп өткен мигранттар үшін саяси баспана алуға уақытша тыйым салу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шектеулер 5 маусымнан бастап күшіне енді.
«Бірақ бұл АҚШ-Мексика шекарасында бір апта ішінде заңсыз босқындарды күнделікті қамауға алу саны 2500 адамнан асып кетсе ғана қолданылады», – деп хабарлады Reuters агенттігі Байден әкімшілігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап.
Бұл ретте, егер күнделікті ұстау саны 1500-ге дейін төмендесе, АҚШ-тың оңтүстік шекарасы қайта ашылуы мүмкін. Бұл шаралар АҚШ-та болуға заңды негізі жоқ адамдарды шығару процесін жеңілдетуге арналғанын атап өтті Ақ үйде.
Жаңа шектеулер кеден-шекара қызметінің мобильді қосымшасын пайдалана отырып, шекарадан өтетін адамдарға, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адам саудасының құрбандары мен еріп жүрмейтін балаларға қолданылмайды.
АҚШ-тағы заңсыз мигранттардың көбеюі 2024 жылдың қарашасында өтетін президенттік сайлау аясында экс-президент Дональд Трамп пен Ақ үйдің қазіргі басшысы арасындағы қақтығыстың басты тақырыптың бірі болып саналады. Трамп Байденді «ашық шекара саясаты» үшін сынап, Мемлекет басшысы болып сайланған жағдайда «Америка тарихындағы ең ірі депортация операциясын» бастауға уәде берді.
Байден президенттігі кезінде Мексика шекарасы арқылы елге заңсыз кірген мигранттардың саны рекордтық деңгейге жетті. Өткен жылы АҚШ-тың оңтүстік шекарасын 2,4 миллионнан астам адам кесіп өтті. Олардың көпшілігі Орталық Америка мен Венесуэладан барған. Сайлау жарысы басталмас бұрын Джо Байден шекара қауіпсіздігіне деген көзқарасын күшейтті.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін АҚШ-қа Қазақстаннан Мексика арқылы барған қазақ азаматының басынан кешкен оқиғасымен бөліскен болатынбыз.