Бұл ел өзінің қорғанысын нығайтуға 611 миллиард норвегиялық кронды (51 миллиард еуродан астам) жұмсауды жоспарлап отыр
Норвегия Парламенті елдің қорғаныс әлеуетін нығайту жоспарын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.
Қорғаныс шығындарын Норвегия 2036 жылға дейін 83 пайызға, яғни 600 миллиард норвегиялық кронға (51,7 миллиард еуро) ұлғайтуды көздеп отыр.
Келісу барысында Үкімет жоспарына қорғанысқа 11 миллиард крон (960 миллион еуро) көлемінде қосымша қаражат бөлу, Норвегия Әскери-теңіз күштеріне алтыншы сүңгуір қайыққа тапсырыс беру, Ослоны қорғау үшін алыс қашықтықтағы әуе қорғанысы жүйелерін орналастыру, сондай-ақ барлау мүмкіндіктерін күшейту сияқты бірнеше түзету енгізілді.
Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере Парламенттің қорғаныс жоспарына енгізген түзетулерін «тарихи оқиға» деп атады.
«Бұл біздің одақтастарымыз бен басқа елдер үшін Норвегияның қорғанысын нығайтуда біртұтас екендігі туралы маңызды сигнал», – деп келтірді dpa агенттігі Стеренің сөзін.
Жаңа қорғаныс бюджеті 11 маусымда қабылданады деп күтілуде. Бұған дейін Норвегия билігі ел 2024 жылы НАТО-дағы әскери шығындар бойынша мақсатты көрсеткішке шығуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл ЖІӨ-нің 2 пайызын құрауы керек.