Киев украиналық тұтқындарға көрсетілген қорлыққа қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Украина прокуратурасы Ресейдің әскери күштерінің майдан алаңындағы тұтқындарға қатыгездікпен қарайтын және оларды КСРО әнұранын айтуға мәжбүрлейтін бейнеге байланысты тергеуді бастады

Нұрдәулет Кәкіш

Украинаның Бас прокуратурасы Харьков облысында Ресей әскери күштерінің украиналық әскери тұтқындарына қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Бас прокурордың кеңсесі Telegram-да мәлім болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерді бақылау барысында прокурорлар Харьков бағытында оккупанттардың украиналық әскерге қатыгездікпен қарағанын анықтаған видеоны тапты», – делінген хабарламада.

Екі күн бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда украиналық тұтқындар орман жолымен тізбектеліп жүргені, конвойлар дөрекі түрде олардан КСРО әнұранын айтуды талап еткені көрінеді. Сол сияқты алдыңғы тізбекте жүргендерді соққыға жығады, артынша Ресейдің әскери қызметкері соққыдан құлағанды атып тастайды.

Украинаның Бас Прокурорының кеңсесі тұтқындарға қатысты зорлық-зомбылық пен психологиялық қысым туралы мәлімдеме жасап, оларды ертіп жүрген әскери қызметшілердің әрекеттері Женева конвенцияларын бұзу деп аталды.

«Сотқа дейінгі тергеуді Харьков облысындағы Украина Қауіпсіздік қызметінің басқармасы жүзеге асырады», – деп нақтылады прокуратура.

Суспільне телеарнасының журналистері Ресейдің әскери қызметкерлерінің біреуін анықтады. Телеарна мәліметінше, ол Санкт-Петербургтің тумасы 32 жастағы Алексей Киприн, оны бейнеде «Барс» лақап атымен атайды.

«Суспільне» өз материалында арна тілшісі Кипринмен Whats App мессенжерінде ресейлік үгіт-насихатшының атын жамылып, байланысқа шыққанын көрсетеді.

«Әнұран нашар айтылды. Олар әскери тұтқындар лагеріне берілді», – деп жазады Кирпин.

Сондай-ақ арна бұл ресейлік әскери адам өзінің әлеуметтік желілерінде бұрын «2014 жылдан бастап Ресейдің күзетінде» деген түсініктемемен әртүрлі жылдардағы әскери киімдегі фотосуретті жариялағанын атап өтті. Журналистердің айтуынша, ол «ЛНР» деп аталатын полицияда қызмет еткен. Бір жыл бұрын Кирпин әлеуметтік желілерде Путиннің қолтаңбасымен «георгиевский крест» сыйлығының фотосуреттерімен бөліскенін жазады «Суспільне».

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02