Ресейде соғыстан бас тартқандар майданға күштеп жіберілген – БАҚ

«Соғысқа жаралылар да жіберіліп жатыр»

Нұрдәулет Кәкіш

Украинада соғысудан бас тартқан бірқатар Ресей азаматы майданға жаппай жіберіле бастады. Бұл туралы Верстка басылымы жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, соғысқа барудан бас тартқан қашқындар да, демалыстан оралған жаралылар да соғыс оты өршіп тұрған орындарға мәжбүрлі түрде апарылып жатыр.

Сонымен қатар, мобилизацияланғандар мен олардың туыстарының, оның ішінде 2023 жылдың жазында демалыстан кейін майданға оралмау туралы шешім қабылдаған Владимир Муроновтың дерегі айтылады. Муроновтың айтуынша, ол өзінің шешімі үшін қылмыстық жазаға тартылуға дайын болған. Алайда ұсталғаннан кейін Владимир Екатеринбург маңындағы әскери қалашыққа жеткізіліп, басқа да әскери қызметшілермен бірге қамалған.

Олардың туыстары басылымға жұмылдырылғандардың жайсыз жағдайда ұсталғанын айтады. Бұл ретте олардың ешқайсысы ресми түрде ұсталмаған. Дезертирлердің бірінің әпкесі қолбасшылық оларға қылмыстық істің күшін жоюмен майданға оралуды немесе сотты күтуді ұсынғанын мәлімдеді. 2024 жылдың басында әскери қалашық командирі ауысқаннан кейін мобилизацияланғандар соққыға жығылып, жақындарымен кездесуге тыйым салынған.

Дезертирлердің адвокаттарының айтуы бойынша, мамыр айында 40 жауангерді күштеп автобусқа отырғызып, әскери аэродромға жеткізген. Сол жерден олар соғыс аймағына ұшып кеткен. Осыдан кейін дезертирлерді майданға мәжбүрлеп жіберу үнемі қайталана бастаған.

Аталмыш басылымға Красноярск, Мәскеу облыстарынан жұмылдырылғандардың достары мен туыстары соғысудан бас тартқандар Харьков облысына шабуыл жасауға жіберілетінін айтқан.

Ресей армиясы Харьков облысына шабуылын 10 мамырда бастады. Қатты шайқастар бірден аймақтың бірнеше тұсында өтіп жатыр. Харьков күн сайын ресейлік шабуылдарға ұшырайды. 25 мамырдағы шабуыл кезінде 200-ден астам адам болған «Эпицентр» гипермаркетіне де соққы жасалған. 28 мамырдағы жағдай бойынша онда кем дегенде 18-і қаза болған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22