Грузия парламентінің басшысы «Иноагенттер» туралы Заңға қол қойды

Грузин оппозициясы бұл заң жобасын «Ресейдің «Иноагенттер» туралы Заңынан калька нұсқасы» деп атайды

Нұрдәулет Кәкіш

Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» даулы заңға қол қойды. Бұл туралы Папуашвилидің өзі 3 маусым, дүйсенбіде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

«Бүгін мен «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» Заңға қол қойдым, оның басты мақсаты – Грузияның саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерінің сыртқы араласуға тұрақтылығын дәлелдеу», – деді заң шығарушы органның спикері.

Ол оппозиционерлерді сынға алып, олар ұлттық мүдделерді «басқа елдердің саясаткерлерінің қошеметімен», ал тәуелсіздікті мойынсұнушылықпен шатастыратынын атап өтті.

«Иноагенттер» туралы заң күшіне енді

«Грузин оппозициясы бұл заң жобасын «Ресейдің «Иноагенттер» туралы Заңынан калька нұсқасы» деп атайды», – деп хабарлады mtavari телеарнасы.

Құжат 4 маусымда «Заң шығарушы» басылымында жарияланады.

Осы күннен бастап Грузияның Әділет министрлігі 60 күн ішінде барлық нормативтік актілерді әзірлеп, электрондық портал құруы керек. Онда қаржыландырудың 20 пайыздан астамын шетелдік көздерден алатын үкіметтік емес ұйымдар шетелдік күштің мүдделерін жүзеге асыратын ұйым ретінде тіркелуге және 2023 жылғы қаржыны декларациялауға міндетті болады.

«Эхо Кавказа» бұл талапқа негізінен Батыс қорларымен жұмыс істейтін грузиндік онлайн БАҚ пен ҮЕҰ-ның көпшілігі сәйкес келетінін атап өтті.

Жаңа заңға наразылық

«Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» Заң елдегі жаппай наразылықтар мен қызу дау-дамайға қарамастан қабылданды. Оппозиция заң жобасына қарсы дауыс берді, оның жақтастары наразылық акцияларына шықты. Грузия президенті Саломе Зурабишвили заң жобасына вето қойды, бірақ «Грузин арманы» билеуші партиясы оны тойтара алды.

Құжат авторлары оның құрамында репрессиялық шаралар жоқ екенін және коммерциялық емес сектордағы ұйымдардың жұмысының ашықтығын арттыру мақсатын көздейтінін айтады. Олар сондай-ақ жаңа заң ресейлік емес, американдық заңдардың нормаларын қайталайтынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі заң қабылданған жағдайда Грузиямен қарым-қатынасты жан-жақты қайта қарайтынын ескертті. Өз тарапынан бірқатар Еуропалық Одақ елдері Грузияны ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесінен айыруға және құжатқа қол қойылған жағдайда Тбилисимен визасыз режимнен бас тартуға шақырды.

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Бүгін, 15:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03