ФСБ киллері Красиковты қорғауға Ресей күніне 6 000 еуро төлеген – БАҚ

Берлиннің орталығында шешен командирін өлтіргені үшін ФСБ полковнигі Красиковқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Нұрдәулет Кәкіш

Неміс адвокаты Роберт Унгер Ресейден ФСБ полковнигі Вадим Красиковтың процесі бойынша жұмыс істеген соңғы 10 күннің әр күні үшін 6 000 еуро алып отырған. Бұл туралы неміс апталығы Der Spiegel, британдық The Guardian газеті және басқа да бірқатар еуропалық БАҚ жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

2021 жылдың желтоқсанында Берлиннің орталығында бұрынғы шешен командирі Зелимхан Хангошвилиді өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Красиковтың ісі 56 күнге созылды.

«Егер адвокаттың ақысы өзгермеген болса, онда оның жалпы сомасы 366 мың еуроны құрауы мүмкін», – деп есептеді басылымдар.

Олардың мәліметтері бойынша, шоттарды Ресейдің отандастардың құқықтарын қолдау және қорғау қоры (Правфонд) төлеген. Der Spiegel басылымының мәліметіне қарағанда, Унгер бұл қаражатқа Ресейге адвокаттық қызметтен басқа да қызметтер ұсынған көрінеді.

Данияның DR хабар тарату корпорациясының, немістің Der Spiegel және ZDF сынды бұқаралық ақпарат құралдарының, аустриялық Standard газетінің, француздық Le Monde және британдық The Guardian басылымдары шолушыларының қолына Унгердің қолы мен мөрі бар шоттары, сондай-ақ құқық қорының қызметіне қатысты басқа құжаттар түскен.

Адвокат Мәскеуге тек шот жіберумен шектелмеген

Құжаттардан көрініп тұрғандай, неміс адвокаты Мәскеуге шот-фактураларды жіберіп қана қоймай, сот процесінің барысы туралы да жасырын айтып отырған. Шотқа қоса берілген 2022 жылғы ақпан айындағы есеп сот күндеріндегі маңызды оқиғалардың қысқаша мазмұнын, соның ішінде атауларын және кейбір жағдайда айғақтардың мазмұнын қамтиды.

«Мәскеу процестің барысы туралы құпия ақпарат алуға мүдделі болуы мүмкін», – деп хабарлады Der Spiegel.

Есепте The Insider басылымының бас редакторы Роман Доброхотов сотта Красиковтың ісіне куә болғанын атап өтті Der Spiegel.

«Сонымен қатар Унгер процесс барысында айыптаудың тағы бір куәгерінің атын ашу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, оның қауіпсіздігі үшін жауап алу жасырын түрде жүргізілуі керек еді», – делінген мақалада.

Сот процесінде сөйлегеннен кейін куәгер тұрғылықты жерін өзгертуге мәжбүр болған. Өйткені Ресейдің барлау агенттіктері оны өлтіруге тырысуы мүмкін деген сыбыс тараған.

Роберт Унгер адвокаттың жұмысы құпия екенін алға тартып, Der Spiegel және ZDF жазбаша сауалына жауап бермеген. Оған журналистердің жүзбе-жүз жолыққан кезінде қойған сұрағына заңгер Украинадағы соғысты болжай алмағанын, ал Красиковтың ісі бойынша жұмыс істеген кезде құқық қоры санкцияланбағанын айтқан.

Ресейдің арнайы қызметтерінің ісін жасыру

Еуропаның бірқатар елдерінің барлау агенттіктері «Правфонд» Ресейдің арнайы қызметтерінің ісін жасырды деп санайды. Қор басшылығындағы бірнеше адам, мысалы, директордың орынбасары Владимир Поздоровкин – Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті болғаны анықталған. Құқық қорының сараптамалық-құқықтық кеңесінің мүшесі (Der Spiegel оның атын атамайды) психологиялық әсер ету операциялары бойынша «ГРУ» әскери барлау маманы болып саналады.

«Сонымен қатар отставкадағы «СВР» агенті бұрынғы КСРО елдеріндегі Қордың әртүрлі филиалдарына жетекшілік етті», – деп хабарлайды басылым.

Басылымдардың мәліметінше, Құқық қоры сонымен қатар ресейлік үгіт-насихатты таратуға көмектеседі. Атап айтқанда, Sputnik және RT санкцияға ұшырағандардың орнын толықтыруға тырысатын Euromore жаңалықтар сайтын қаржыландырады.

«ФСБ-да жұмыс істеді деген күдікке ілінген Латвиядан Еуропарламент депутаты Татьяна Жданок Құқық қорынан ақша алды», – деп хабарлады The Insider.

Басылымның хабарлауынша, ол 2014 жылы Еуромайданның қызып тұрған кезінде Киевке барғаннан кейін, сондай-ақ Молдоваға сапарларының нәтижелері бойынша ФСБ-ның бесінші қызметінің кураторларына есептер жазған.

Вадим Красиков Зелимхан Хангошвилиді 2019 жылдың 23 тамызында Кіші Тиргартен саябағында тапа тал түсте атып өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотта Красиков өзінің шын есімін Вадим Соколов деп мәлімдеді. Бірақ айыптаушы тарап оның ойдан шығарылған тұлға екенін дәлелдеді. Ал Красиковтың өзі – ФСБ полковнигі. Алексей Навальный қайтыс болғанға дейін оның Красиковпен алмасуы туралы келіссөздер жүргізілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22