Қастандықтан аман қалған Словакия премьер-министрі ауруханадан шығарылды

Роберт Фицоға шабуыл 15 мамыр күні елдің орталық бөлігіндегі Гандлова қаласында болды

Нұрдәулет Кәкіш

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Банска-Бистрица қаласындағы ауруханадан шығарылып, Братиславаға үйіне жеткізілді. Ол қастандықтан кейін мамыр айының ортасынан бері ауруханада емделді. Бұл туралы 31 мамыр, жұма күні медициналық мекеме басшылығы БАҚ-та бұрын пайда болған ақпаратты растады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

Банска-Бистрицадағы аурухананың бас дәрігері Мариам Лапуникова Фицоны басқа медициналық мекемеге емес, үйге ауыстыру оның талабы бойынша жүзеге асырылғанын айтты. Үкімет басшысы ауруханадан шығып, денсаулығының жай-күйі рұқсат етілген бойда үйде емделуді жалғастырғысы келетінін айтқан. Лапуникованың айтуынша, қалпына келтіру процесі сәтті жүріп жатыр.

Роберт Фицоға шабуыл жасалды

Словакия премьеріне шабуыл 15 мамыр күні елдің орталық бөлігіндегі Гандлова қаласында болды. Куәгерлерге сілтеме жасаған бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роберт Фицо Үкіметтің көшпелі отырысынан кейін жергілікті тұрғындардың алдына барған кезде оқ атылды. Саясаткердің ішінен, қолынан және аяғынан жарақат алғанын хабарлады Standard басылымы. Министрлер кабинетінің басшысы тікұшақпен Банска-Бистрица қаласына жеткізілді. Фицоға бірнеше ота жасалды.

Шабуыл жасаушы 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула оқиға орнында ұсталды. Оған кісі өлтіруге оқталғаны үшін айып тағылды. 18 мамырда Пезинок қаласындағы сот ер адамды тұтқындауға бұйрық берді. БАҚ мәліметтері бойынша, Цинтула өзінің іс-әрекетін Фицо Үкіметінің қызметімен келіспейтіндігімен түсіндіріп, жауап алу кезінде кінәсін мойындады.

«Словакия билігі шабуылдаушының жалғыз әрекет етпеуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды», – деп хабарлады Ішкі істер министрі Матуш Шутай-Эшток 19 мамырда.

Еуропалық көшбасшылар шабуылды айыптады

Словакия президенті Зузана Чапутова, Германия канцлері Олаф Шольц, Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейен, сондай-ақ Еуропаның басқа да елдерінің басшылары Словакия премьеріне жасалған шабуылды айыптады.

Роберт Фицо Словакия үкіметін үшінші рет 2023 жылдың қазан айында өзінің SMER-SD популистік партиясының Парламенттік сайлауында жеңіске жеткеннен бері басқарады. Фицо 2006-2010 және 2012-2018 жылдары министрлер кабинетін басқарды. Соңғы науқан кезінде және қызметке сайланғаннан кейін саясаткер ресейшіл ұстанымын атап өтіп, Ресейдің Украинаға қарсы соғысындағы Батыстың ұстанымын сынға алды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30