Иранда президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталды

Иранда Ибрахим Раисидің тікұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты мерзімінен бұрын президент сайлауы 28 маусымда өтеді

Нұрдәулет Кәкіш

Иранда 30 мамыр, бейсенбіде ел президенттігіне кандидаттарды ресми тіркеу басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

Мерзімінен бұрын сайлау 28 маусымда Иран Ислам Республикасының президенті болған Ибрахим Раисидің ұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты өтеді. Тіркелу үшін үміткерлер келесі бес күн ішінде Иранның Ішкі істер министрлігіне жеке баруы керек.

«Кандидаттар тіркелгеннен кейін 12 мүшеден тұратын конституциялық Қамқоршылар Кеңесі үміткерлердің идеологиялық критерийлер бойынша президенттікке жарамдылығын шешеді», – деп атап өтті dpa агенттігі.

Кеңес мақұлданған кандидаттардың соңғы тізімін 11 маусымда жариялайды. Осыдан кейін саясаткерлерге сайлау науқанына екі апта уақыт беріледі. Егер кандидаттардың ешқайсысы сайлаудың бірінші турында абсолютті көпшілік дауысқа ие болмаса, 5 шілдеде болашақ президентті анықтайтын екінші тур өтеді.

Президент – Ирандағы екінші маңызды шенеунік, ол өкілдік функцияларды орындайды және елдегі атқарушы билікті басқарады. Президент 4 жылдық мерзімге сайланады және бұл қызметті қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.

Әзербайжаннан қайтып бара жатқан кезінде Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, сондай-ақ Табриз қаласы мешітінің имамы Сайед Мұхаммед-Али Әл-Хашем және Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмати 19 мамыр күні Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тікұшақ апатынан қаза тапқан болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30