Әлемде 400 млн-нан астам бала соғыс жағдайында өмір сүріп жатыр – сарапшылар

«Соғыс пен қашу балалар мен жасөспірімдер үшін өмірге қауіп төндіретін салдарға әкелуі мүмкін», – деп жазды SOS-Kinderdörfer ұйымы

Нұрдәулет Кәкіш

Әлемде 400 миллионнан астам бала соғыс немесе қарулы қақтығыс жағдайында өсіп келеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі SOS-Kinderdörfer халықаралық қайырымдылық ұйымына сілтеме жасап.

«Әлемдегі соғыстар саны жаңа деңгейге жетті. Әскери қақтығыстар кезінде балалар мен жасөспірімдерге көптеген қауіп-қатер төнеді», – делінген SOS-Kinderdörfer 1 маусымда аталып өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жариялаған баспасөз релизінде.

Ұйымның баспасөз хатшысы Борис Брейердің айтуынша, соғыс пен қақтығыс аймағындағы жағдай жергілікті халықтың өміріне үлкен әсерін тигізеді.

«Әсіресе, балаларға қиын. Біз оларды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», – деді Ұйымның баспасөз хатшысы.

Хабарламада БҰҰ деректері айтылған. Оған сәйкес, 2005 жылдан 2022 жылға дейін әскери қақтығыстар кезінде балалардың құқығы кемінде 315 мың мәрте бұзылған.

«Соғыс пен қақтығыс аймағынан қашу балалар мен жасөспірімдердің өміріне үлкен қауіп төндіріп, олардың бүкіл өміріне әсер етуі мүмкін», – деп жазады ұйым.

Сарапшылардың сөзінше, соғыс кезінде балалар ауыр жарақат алып немесе көз жұмып, ата-анасынан яки қамқоршыларынан, үйлерінен айырылып, қашуға мәжбүр болады. Азық-түлік тапшылығына байланысты олар тамақтанбайды. Сондай-ақ балалар медициналық көмек пен білімге қол жеткізе алмайды. Олар қатыгездікке ұшырап, ұрлануы немесе соғысқа қатысу үшін жанжал тараптары жалдауы мүмкін.

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқаты тәжірибе мен әскери жарақаттарға байланысты қысқа және ұзақ мерзімді перспективада айтарлықтай бұзылуы мүмкін.

Хабарламада «Балалар ауылдары-SOS» қақтығыс аймақтарындағы немесе қашуға мәжбүр болған балалар мен жасөспірімдерге көптеген көмек шаралар қарастыратыны айтылған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30