Португалия мен Украина қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды

Қауіпсіздік туралы келісім аясында Киев осы жылы Лиссабоннан Ресей агрессиясынан қорғану үшін 126 миллион еуро алады

Нұрдәулет Кәкіш

Украина президенті Владимир Зеленский мен Португалия премьер-министрі Луиш Монтенегру Лиссабонда екі жақты қауіпсіздік келісіміне қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

Құжат 10 жылға есептелген. Монтенегру Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында атап өткендей, келісім аясында оның елі биыл Киевке Ресей агрессиясынан қорғауға 126 миллион еуро бөледі және Украинаны одан әрі «қажет болғанша» қолдайды.

Осы аптаның басында Владимир Зеленский ЕО мен НАТО-ның басқа екі мүшесімен , яғни 27 мамыр күні Испаниямен және 28 мамыр күні Бельгиямен осындай қауіпсіздік келісімдеріне қол қойды.

«Украинамен екіжақты қауіпсіздік келісімдерін жасау «Жеті топ» елдерінің бастамасымен жүзеге асырылады», – деп еске салады dpa агенттігі.

2023 жылы Литва Вильнюстегі НАТО Саммиті аясында G7 мемлекеттері жекелеген елдер оның қауіпсіздігіне ұзақ мерзімді кепілдік беру үшін Украинамен екіжақты келісімдер жасасуы керек деп келіскен. Осы жылдың басында Ұлыбритания, Франция және Германия алғашқылардың бірі болып тиісті шарттарға қол қойды.

Украина президенті Владимир Зеленский Испаниямен, Бельгиямен және Португалиямен жасалған шарттарды «өте маңызды» деп атады, алайда мұның тек ақша туралы емес екенін атап өтті.

«Бұл 10 жылдық келісімдер соғыс тағы 10 жылға созылады дегенді білдірмейді. Бұл – Украинаны жаңғырту мен қалпына келтіруді, сондай-ақ гуманитарлық көмекті қамтитын стратегиялық келісімдер», – деді ол.

Зеленский Украинаның қазіргі кездегі басты қажеттілігі туралы айтты, ол – әуе шабуылына қарсы қорғаныс, яғни дрондар, зымырандар және ақпараттық жүйелер. Бұл Украинаға «шөлдегі су сияқты» қажет екенін атап өтті Украина президенті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30