Украиналық журналист Виктория Рощинаның Ресейде тұтқында екені расталды

РФ Қорғаныс министрлігі Виктория Рощина Запорожье облысында ұсталғаннан кейін тоғыз айдан кейін оның Ресейде екенін растады. Оның заңды мәртебесі мен физикалық жағдайы туралы ақпарат жоқ

Нұрдәулет Кәкіш

Ресей билігі алғаш рет 2023 жылы Запорожье облысының оккупацияланған бөлігінде жоғалып кеткен украиндық журналист Виктория Рощинаның Ресей Федерациясында түрмеде отырғанын мойындады. Бұл туралы 27 мамыр, дүйсенбіде Украинаның Ұлттық Журналистер одағы мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Виктория Рощинаның әкесі Владимир Рощин сәуір айының соңында Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінен қызының ұсталғаны және оның Ресей аумағында екені туралы хат алған. Хатта журналистің нақты орналасқан жері, оның заңды мәртебесі мен физикалық жағдайы, сондай-ақ оған тағылған айыптар туралы мәліметтер көрсетілмеген.

Халықаралық Қызыл крест Комитеті туыстарының өтінішіне жауап ретінде Виктория Рощинаның тұтқында екенін растады. Бірақ ұйымның мәлімдемесінде журналист туралы басқа дерек жоқ.

«Украина Ұлттық Журналистер одағы Виктория Рощина мен басқа да заңсыз ұсталған журналистерді тұтқыннан дереу босатуды талап етеді», – делінген Журналистер Одағының хабарламасында.

Виктория Рощина 2023 жылдың 3 тамызында Запорожье облысының оккупацияланған аумағында жоғалып кеткен. Онда іссапарда жүрген ол Ресей сайлауын өткізу, Кахов ГЭС-інің жойылуының салдары және Запорожье атом электр станциясындағы жағдай туралы мақалалар жазуға материал жинаған. Журналистің туыстары оны табуға тырысып, ресейлік инстанцияларға өтініш жіберген. Мариупольдің оккупациялық «прокуратурасында» оларға журналистке қарсы іс қозғалмағанын айтқан. Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына, Ресей Федерациясының Тергеу комитетіне, сондай-ақ ресейлік омбудсмен Татьяна Москальковаға жазған хаттардан жауап болмаған.

Рощина «Украинская правда», «Радио Свободы» және Hromadske, сондай-ақ халықаралық БАҚ-та жұмыс істейтін әйелдер қорымен (IWMF) ынтымақтастық жасаған. 2022 жылы ол Бердянскіде Ресей Федерациясының ФСБ-сында 10 күн тұтқында болып, одан тыңшылық жасады деген күдікпен жауап алынған. Осыдан кейін ол IWMF-тың «Журналистикадағы батылдық» сыйлығының лауреаты атанған.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28