Чехия президенті Петр Павел мотоцикл апатынан жарақат алды

НАТО-ның бұрынғы генералы Павелде бұл хоббиіне байланысты мәселе бірінші рет болып тұрған жоқ

Нұрдәулет Кәкіш

Чехия президенті Петр Павел мотоцикл апатынан кейін ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Чех басшысының кеңсесі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Павелдың алған жарақаттары ауыр болмағанымен, оған тексерілу қажет болғаны туралы қысқа қайырған президенттік кеңсе оқиға жайлы өзге мәлімет бермеді.

Чехия полициясы бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізбейтінін айтты. Өйткені ол жолда емес, жабық жарыс жолында болған.

Президенттің ресми өкілі Чехия теледидарына Павел ауруханада бірнеше күн өткізетінін айтты. Келесі аптада Чех көшбасшысы Иорданияға сапармен баруы керек болған, бірақ бұл сапардың не болатыны әзірге белгісіз.

62 жастағы Павел мотоциклдердің әуесқойы ретінде белгілі. Оның қазір BMW R1200 GS спорттық мотоциклін пайдаланатыны хабарланды.

Петр Павелде бұл хоббиіне байланысты мәселе бірінші рет болып тұрған жоқ. Өткен жылы ол ережелермен тыйым салынған қорғаныс шлемі жоқ мотоциклмен жүргені үшін кешірім сұрауға мәжбүр болған. 

Фото: PETR PAVEL/X

НАТО-ның бұрынғы генералы Павел былтырғы наурызда Чехия президенті болып сайланды. Инаугурациядан бірнеше апта өткен соң ол көрші Германиядағы Баварияға мотоциклмен барған.

«Күн, арқадағы жел және бавариялық достарымызбен тату көршілік қарым-қатынасты нығайту. Жағымды нәрсені неге пайдаға айналдырмасқа?!» – деп жазған ол өзінің сапары туралы көңіл күйін Х әлеуметтік желісінде.  

Осы сәуірде де Павел жеңіл жарақат алған. Алайда ол кездегі жарақаты мотоцикл тебу хоббиімен байланысты емес еді. Бұрынғы генерал полигонда оптикалық мылтықпен атып, бетінің терісі сыдырылған. Бірақ жарақаты жеңіл болғандықтан, оған ауруханаға жату қажет болмады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30