АҚШ Украинаға 275 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек береді

Көмек пакетіне артиллерия мен зымыран жүйелері, сондай-ақ оқ-дәрілер кіреді

АҚШ билігі Украинаға артиллерия, зымыран жүйелері мен оқ-дәрілерді қамтитын 275 миллион долларлық қосымша әскери көмек пакетін бөлуге келісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Army Times-қа сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін ресми түрде жарияланады деп күтілуде.

Басылымның дереккөздерінің сөзінше, Киевке қосымша көмек пакеті қазіргі таңда Украина Харьков облысындағы Ресейдің шабуылына қатты қарсылық көрсетіп, көп күш жұмсап жатқандықтан бөлінген.  

Артиллерия мен зымыран жүйелерінен басқа, жаңа пакетке 155 мм және 105 мм артиллериялық снарядтар, Javelin және AT-4 танкке қарсы жүйелері, танкке қарсы миналар, тактикалық көліктер, атыс қаруы және оған оқ-дәрілер кіреді.

Шешім дүйсенбіде Украинаға әскери көмекті үйлестіру бойынша Еуропа мен АҚШ елдерінің қорғаныс ведомстволарының 50 басшысының кездесуінде қабылданған. Кездесу барысында АҚШ Қорғаныс министрі Лойд Остин Украинаның қиын жағдайда екенін айтып, Киевке апта сайын көмектесуге уәде берді.

Естеріңізге салсақ, өткен айдың соңында АҚШ Конгресі Украинаға 61 миллиард доллар бөлуді көздейтін заң жобасын мақұлдады. Содан бері Киев Пентагон қорларынан алынған 1,7 миллиард долларлық қаруды алды.

Ресеймен қарулы қақтығыс басталғаннан бері АҚШ Украинаға 51 миллиард долларға жуық әскери көмек бөлді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02