Норвегия ресейлік туристердің елге кіруіну шектеу қойды

Бұл елге тек туыстарына, оқуға немесе жұмысқа баратын ресейліктер ғана жіберіледі

Нұрдәулет Кәкіш

Норвегия 29 мамырдан бастап туристік және басқа да маңызды емес саналатын мақсатпен баратын барлық Ресей азаматтың елге кіруіне шектеу қояды. Бұл туралы Норвегия Үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Хабарламада бұл шара норвегиялық туристік виза алған ресейліктерге де (олар 2022 жылы виза беруді тоқтатты) және Шенген келісімінің басқа елі берген виза иелеріне де қатысты екендігі түсіндіріледі.

Үкімет Норвегияда тұратын ата-аналарына, жұбайларына немесе балаларына қонаққа баратын Ресей азаматтары үшін, сондай-ақ Норвегияда немесе басқа Шенген елдеріне жұмысқа немесе оқуға баратын ресейліктер үшін ерекше жағдайлар жасалуы мүмкін екенін атап өтті.

«Кіру мүмкіндіктерін шектеу туралы шешім Норвегияның біздің одақтастарымызбен және серіктестерімізбен Ресейдің Украинаға қарсы заңсыз агрессиясына бірлесіп әрекет ету қажеттілігі туралы ұстанымына сәйкес келеді», – деп түсіндірді Норвегияның Әділет және қоғамдық қауіпсіздік министрі Эмили Энгер Мель.

Норвегия билігі Мурманск облысымен шекарадағы «Стурскуг» шекара бекетіндегі жағдайды мұқият қадағалап отырғанын және қажет болған жағдайда шаралар қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Ресейдің Украинаға қарулы шабуылынан кейін 2022 жылдың ақпанында бірқатар Еуропа елдері ресейліктерге туристік виза беру ережелерін күшейтті, кейбір жағдайда оларды беруден бас тартты. Еуропалық Одақтың бірнеше елі, соның ішінде Финляндия, Эстония, Латвия, Литва, Польша және Чехия туризм мақсатында ресейліктерге ЕО-ның сыртқы шекарасы арқылы кіруге тыйым салды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02