НАТО Киев сұрамайынша, Альянс әскерлерінің Украинаға жіберілмейтінін мәлімдеді

НАТО-ның ұстанымы тек Украинаны әскери жағынан қолдауға бағытталған

НАТО әскери қолбасшылығы Киевтен ресми сұрау алғанға дейін өз әскерлерін Украинаға енгізуді жоспарламайды. Бұл туралы Tagesspiegel газетіне берген сұхбатында Альянс Бас хатшысының орынбасары Мирча Джоане мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Джоаненің айтуынша, қазіргі уақытта Украина тек әскери қолдау сұрайды және Батыс одақтастарының барлық күш-жігері осыған бағытталған. Осыған қарамастан, бұған дейін АҚШ-тың Біріккен штаб бастықтарының төрағасы Чарльз Браун Украинада НАТО нұсқаушыларының болуы сөзсіз екенін мәлімдеді.

Politico басылымы сонымен қатар Украина президенті Владимир Зеленский Нормандияға Одақтас күштердің қонуының 80 жылдығына орай Францияға сапары барысында НАТО басшылығынан АҚШ пен Ұлыбритания Израильді қолдағандай Украинаның да әуе қорғанысын күшейту және ресейлік зымырандарды ату бойынша қолдау көрсету туралы өтініш білдіруге ниетті екенін атап өтті.

Басылымның дереккөздерінің хабарлауынша, сапар барысында Зеленский Батысты Киевке әскери көмекті екі есе арттыруға және Украинаның қажеттіліктері үшін берілуі мүмкін бұғатталған қаржылық активтердің көмегімен Ресейге қысымды күшейтуге көндіруге тырысады.

Айта кетсек, Ресей Сыртқы істер министрлігі Батыс елдерінің НАТО әскерлерін Украинаға жіберу мүмкіндігі туралы мәлімдемелеріне жауап ретінде бұл қадам орындалған жағдайда Ресейдің жауабы тек саяси бағытпен шектелмейтінін атап өтті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30