Жаңа Каледониядағы тәртіпсіздік: жандармдар Нумеа мен әуежай арасындағы жолды ашты

Бірнеше күнге ұласқан тәртіпсіздік салдарынан алты адам қаза тапты

Нұрдәулет Кәкіш

Орталық француз билігінің өкілдігі құқық қорғау органдары әуежай мен Францияның Тынық мұхитының аумағындағы Жаңа Каледонияның астанасы Нумеа арасындағы жолдың ашқанын хабарлады. Алайда тәртіпсіздіктерді толығымен басу әлі мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа Каледонияның жоғары комиссиясы жандармдар 40 шақырымдық жолда 76 баррикадалар мен үйінділерді жойғанын және алдағы күндері жол, соның ішінде өртенген көліктерден тазартылатынын хабарлады.

Әуежай коммерциялық рейстерге қайта қашан ашылатынын билік әлі айтпады.

Жоғары комиссияның мәлімдемесінде жексенбіден дүйсенбіге қараған түні алдыңғы түндерге қарағанда тыныш өтті. Жаңа Каледонияда өрт пен бірнеше тонау оқиғасы тіркелді.

Дегенмен толық тыныштық орнатудың әлі аулы алыс. Нумеа қаласының мэрі Соня Лагард демалыс күндері журналистерге Жаңа Каледония қоршау жағдайында екенін айтты.

Оның айтуынша, тәртіпсіздіктерге қатысушылар архипелагтағы көптеген қоғамдық ғимараттарды өртеп жіберді. Жаңа Каледонияға жүздеген француз полицейлері келгеніне қарамастан, жағдай әлі де тұрақсыз.

Тәртіпсіздік бірнеше күн бойы жалғасып, салдарынан алты адам қаза тапты. 

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02