Франция армиясы Тынық мұхитындағы аумақты бақылауға алуға аттанды

Жаңа Каледонияда жергілікті канак халқы ереуіл ұйымдастырып, 200-ге жуық адам қамауға алынып, бес адам адам көз жұмды

Нұрдәулет Кәкіш

Париж Жаңа Каледонияға дүйсенбіде басталған тәртіпсіздіктерден кейін Тынық мұхитындағы осы аумақты бақылауға алу үшін жүздеген француз әскери мен полиция қызметкерлерін жіберді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа Каледонияның Жоғарғы комиссары Луи Ле Франк билік жаңа Каледонияның кейбір аудандарын бақыламайтынын растады. Оның сөзінше, Франция жіберген Қарулы күштер жоғалтқан қалалық жерлерді қайтадан басып алу үшін қолданылады.

Жаңа Каледониядағы ереуіл Франция парламенті жаңа Каледонияда сонда соңғы он жылдан бері мекен етіп жатқан француз азаматтарына дауыс беру құқығын беретін аймақтық заң шығарушы Ассамблеяға сайлау туралы заңға түзетулер енгізген кезде басталды.

Осы территориясының байырғы халқы – канактар өз жерлерінде саяси ықпалын жоғалтқысы келмейді. Алайда француз сайлаушыларының үлесі күрт артқан.

Қазір жаңа Каледонияның халқының саны шамамен 300 мың адамды құрайды, оның 40 пайызы, яғни 112 мыңы – канактар.

1998 жылы қол қойылған келісімдер бойынша Франция аумақтың саяси автономиясын кеңейтуге және осы уақытқа дейін Жаңа Каледонияда тұратындарға ғана жергілікті сайлауда дауыс беруге келіскен. Бірақ 1998 жылдан бастап 40 мыңға жуық Франция азаматы Жаңа Каледонияға көшірілген.

Бейсенбіде Франция билігі Әзербайжанды бірнеше рет канак халқының өкілдерін қабылдап, Францияның «отаршылдық саясатын» айыптады, сепаратистерді қолдады деп айыптады.  Алайда Баку бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Дауыс беру ережелерін өзгерту туралы заң қабылданғаннан кейін, канак топтары әртүрлі ғимараттарды, соның ішінде сауда орталықтары мен мемлекеттік мекемелерді өртеп, полициямен қақтығысқан.

Ақпараттық агенттіктер таратқан фотосуреттер мен бейнежазбаларда көптеген көлік пен ғимараттың өртенгенін көруге болады. Дүкендердің жанында азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды сатып алуға шыққан адамдар ұзын-сонар кезекте тұр.

Қақтығыстан жүздеген адам жарақат алған. Ресми мәліметтер бойынша 200-ге жуық адам қамалған. Билік бес адамның, оның ішінде екі полиция қызметкері мен канак халқының үш өкілі көз жұмғанын хабарлады.

Жаңа Каледонияның Тәуелсіздік қозғалысының 10 белсендісі үй қамауына алынған. Оларды полиция тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыптады.

Франция премьер-министрі Габриэль Атталь Францияның Жаңа Каледонияға 1 мыңға жуық қауіпсіздік күштері жіберілгенін хабарлады. Олар қазірдің өзінде аумақта тұрған 1,7 мың полиция мен әскери қызметкердің қатарына қосылады.

Атталь бүлікшілерге қатысы барлардың қатаң жазаланатынына уәде берді.

Жаңа Каледонияда төтенше жағдай енгізіл, онда билік коменданттық сағат құрды. Қоғамдық іс-шараларға, қару алып жүруге және алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды.

Мектептер мен әкімшілік мекемелері жұмыс істемейді, Жаңа Каледония астанасы Нумеа әуежайы француз әскерінің бақылауында. Коммерциялық рейстер жабылды.

Билік сонымен қатар тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар пайдаланады деген желеумен аумақта Tik Tok әлеуметтік желісіне тыйым салды.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Франциядан барған Қарулы күштер бейсенбіде Жаңа Каледонияға қона бастаған. Ал Нумеаның бірнеше аймағын қару-жарақ, қалқандар мен газ маскалары бар қызыл берет киген қарулы полицейлер мен әскерилер торуылдап жүр.

Жұма күні билік Жаңа Каледония астанасында тыныштық орнағанын хабарлады. Бірақ жергілікті мектептер мен екі компанияның ғимараттарының бірінде өрт жалғасуда.

Жаңа Каледония – Аустралия мен Фиджи арасында орналасқан Францияның территориясы, Париж оны 1853 жылы өзінің колониясы деп жариялады. Бастапқыда Франция үкіметі оны тұтқындарды ұстау орны ретінде пайдаланған. Онда 1864 жылдан 1897 жылға дейін 22 мыңға жуық қылмыскер жіберілген. ХІХ ғасырда жергілікті тұрғындар, яғни канактар (Меланезияның байырғы тұрғындарының бірі) бірнеше рет көтеріліс жасаған.

1998 жылы жасалған келісімдер негізінде Жаңа Каледонияда оның болашағын айқындау үшін үш референдум өткізу көзделген.

Жаңа Каледония қорғаныс және білім салалары бойынша Францияға тәуелді. Бұл ел сондай-ақ Парижден үлкен көлемде субсидиялар алады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59