Ресей Лондонға жауап ретінде британдық әскери атташені елден шығаратынын хабарлады

8 мамырда Лондон Ресей әскери атташесінің елден шығарылатынын жариялаған болатын

Нұрдәулет Кәкіш

Ресей Ұлыбританияның Лондондағы ресейлік әскери атташені елден қуып жіберуіне жауап ретінде Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігінің қорғаныс мәселелері бойынша атташесі Адриан Когхиллді «персона нон грата» деп жариялады. Оған бір апта ішінде Ресей Федерациясының шекарасынан кетуге бұйрық берілді. Бұл туралы Ресей СІМ сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«16 мамырда Мәскеудегі Ұлыбритания Елшілігінің өкілі Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Ол 8 мамырда осы елдің билігі қабылдаған Ресейдің Лондондағы елшілігі жанындағы Қорғаныс атташесіне қатысты достық емес және негізсіз шешімге байланысты қатты наразылық білдірді. Біз бұл қадамды екіжақты қатынастарға орны толмас зиян келтіретін айқын русофобиялық сипаттағы саяси негізделген әрекет ретінде қарастыратынымызды атап өттік», – делінген Ресей СІМ мәлімдемесінде.

Естеріңізге салсақ, 8 мамырда Лондон Ресей әскери атташесінің елден шығарылатынын жариялаған болатын. Ұлыбританияның Ішкі істер министрі Джеймс Клеверли ресейлік дипломатты «зиянды әрекеттерді» жүргізген «жарияланбаған әскери барлау офицері» деп атады. Клеверли Ұлыбританияның шараларына жауап ретінде Ресей үкіметінен «руссофобия, қастандық теориясы жөнінде айыптаулар болады» деп күтетінін, бірақ Ұлыбритания үкіметі алданбайтынын айтты.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің Британдық атташені елден шығару туралы шешіміне түсініктеме берген Клеверли оны «үмітсіздік қадамы» деп атады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30