Ресейде тұтқындалған АҚШ сарбазы кінәсін мойындады – БАҚ

Ресей Сыртқы істер министрлігі Гордон Блэктің ісі саясатпен немесе тыңшылықпен байланысы жоқ екенін мәлімдеді

Нұрдәулет Кәкіш

Мамыр айының басында Владивостоктағы сот ұрлық жасады деген айыппен қамауға алынған америкалық сарбаз Гордон Блэк кінәсін мойындады және тергеумен ынтымақтастық орнатуда. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін РФ Ішкі істер министрлігінің Приморье бойынша басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Гордон Блэк Владивосток тұрғынының үйіне барған. Олар ресейлік бойжеткен Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген кезінде кездескен.

«Арыз жазушының үйінде досымен арада жанжал туындаған. Ол кеткеннен кейін қыз ақшасының жоғалғанын анықтап, полициядан көмек сұраған», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ресейлік БАҚ америкалық азаматтың өзінің құрбысын ұрып-соғып, одан екі мың еуро мен алкогольді ішімдік ұрлағанын хабарлаған. Өз кезегінде Ресей Сыртқы істер министрлігі Блэктің ісі саясатпен немесе тыңшылықпен байланысты емес, тұрмыстық қылмыс екенін мәлімдеді. Ресей тарапы АҚШ Мемлекеттік департаментін Блэктің ұсталғаны туралы хабардар етті.

7 мамырда «Известия» газеті (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабының 2-бөлігіндегі «в» тармағы) Блэкке айтарлықтай зиян келтіріп, ұрлық жасағаны үшін айыпталғанын жазды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Reuters агенттігі Гордон Блэкпен байланысқа шығып, оның ісінің барысы туралы түсініктеме алуға тырысты, бірақ журналистердің бұл әрекеттері сәтсіз болды.

Ресей Федерациясының Украинаға толық басып кіруі басталғаннан кейін АҚШ билігі өз азаматтары үшін Ресейге сапарлап бармау жөнінде бірнеше рет ескертулер жариялаған болатын. 2022 жылдың ақпанында Украинадағы соғыс басталғаннан бері Ресейде бірнеше америкалық ұсталды, деп еске алады Reuters.

Олардың бірі – The Wall Street Journal онлайн басылымының тілшісі Эван Гершкович. Оны Ресей билігі тыңшылық жасады деп айыптады.

Ресей билігі бірнеше рет Ресей соттарына белгілі бір істер бойынша әртүрлі жаза мерзіміне сотталған шетелдіктерді шетелде сотталған Ресей азаматтарына ауыстырды. Өз кезегінде АҚШ Ресей Федерациясымен қарым-қатынастың нашарлауы аясында Ресейде ұсталған шетелдіктердің саны артып, ұсталғандарды саяси сауда үшін пайдаланды деп Мәскеуді айыптады.

2022 жылдың сәуірінде Ресей колониясында жазасын америкалық Тревор Рид АҚШ-та есірткінің үлкен партиясын тасымалдауды жоспарлады және дайындады деген айыппен 20 жылға сотталған ұшқыш Константин Ярошенкоға айырбасталды. Ресей Федерациясында туристік визамен болған Рид 2019 жылдың тамызында Мәскеудегі екі қызбен болған жанжалдан кейін ұсталған кезде полицейлерге қарсылық көрсеткен. 2020 жылы ол тоғыз жылға сотталды. Алайда Рид кінәсін мойындамады және мас болғандықтан, ештеңе есінде жоқ екенін мәлімдеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22