Еуропа Кеңесі Грузиядағы «Иноагенттер» туралы заңды сынға алды

Грузия парламенті қабылдаған «Иноагенттер» туралы заң жобасы демократия мен адам құқықтары саласындағы еуропалық стандарттарға сәйкес келмейті айтылды

Нұрдәулет Кәкіш

Еуропа Кеңесі (CE) Грузия парламентінің үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ресейлік үлгідегі жұмысын шектейтін және азаматтық қоғамды бақылауды күшейтетін «Шетелдік агенттер» туралы заңның қабылдануын сынға алды, деп  хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі СЕ-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Грузин арманы» билеуші партиясы үстемдік ететін Парламент халықаралық серіктестердің заң жобасының демократия мен адам құқықтары саласындағы еуропалық стандарттармен үйлеспейтіндігіне қатысты алаңдаушылығын елемейді», – деді СЕ бас хатшысы Мария Пейчинович-Бурич сәрсенбі, 15 мамыр күні Страсбургте.

Оның айтуынша, осы заң жобасы бойынша Парламентте нақты пікірталастың болмауы интегративті демократиялық процеске сәйкес келмейді.

«Еуропа Кеңесі Грузияны халықаралық стандарттарды толық сақтау мәселесінде қолдауға және сол арқылы оның демократиялық дамуын, сондай-ақ ЕО-ға барар жолда ілгерілеуін нығайтуға дайын», – деді Пейчинович-Бурич.

Сонымен қатар Бас хатшы шерушілерге қарсы заңсыз ұстау және күш қолдану, белсенділерді, БАҚ өкілдерін және оппозициялық саясаткерлерді қорқыту туралы хабарларға алаңдаушылық білдірді.

«Грузия билігі демократиялық қоғамның қағидаттарына сәйкес келмейтін мұндай әрекеттерге қарсы шұғыл шаралар қабылдауы керек», – деп атап өтті ол.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22