Парижде Олимпиада тарихында үшінші рет босқындар құрамасы өнер көрсетеді

Босқындар құрамасы алғаш рет өз эмблемасымен жарысады

Нұрдәулет Кәкіш

Париждегі Олимпиада ойындарына 12 спорт түрінен 11 елден 36 спортшы босқындар құрамасы атынан өнер көрсетеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі rfi агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Олар үйлерінен кетуге мәжбүр болған 100 миллионнан астам адамның өкілі болады», – деп атап өтті Халықаралық Олимпиада комитеті.

Мамырдың басында Лозаннадағы олимпиада үйінде өткен арнайы рәсімде босқындар олимпиадалық құрамасының құрамын ХОК басшысы Томас Бах жариялады. Команда мүшелері Париждегі ойындарға дайындалу үшін олимпиадалық стипендия алған 73 босқынның ішінен спорттық көрсеткіштер негізінде таңдалды. Сонымен қатар ХОК спорт түрлерінің, сондай-ақ спортшылардың жынысы мен шыққан елдерінің «үйлесімді өкілдігі» принципін ескерді.

Ұлттық құраманың мүшелері Ауғанстан, Сирия, Иран, Судан, Оңтүстік Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Эритрея, Эфиопия, Камерун, Куба және Венесуэладан шыққан. Олар он бес түрлі елде тұрады: АҚШ, Канада, Мексика, Кения, Иордания, Израиль және тоғыз еуропалық мемлекет.

Команда капитаны – 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан ауғандық велосипедші Масома Әли Зада.

2019 жылы Сириядан қашып кеткен Муна Дахук 2024 жылы дзюдо жарыстарына қатысады. Ауғанстаннан барған Манижа Талаш брейк-данс жарыстарында ұлттық құраманың атынан қатыспақ.

Босқындар құрамасы алғаш рет 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысты, сол кезде олар 11 спортшы болды. Төрт жылдан кейін Токио Олимпиадасында босқын спортшылардың саны 29 болды. Ал 2024 жылы 36 болады. Сонымен қатар босқындар құрамасы алғаш рет өз эмблемасымен жарысады.

26 шілдеде Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында шеру кезінде босқындар құрамасы Грекия құрамасынан кейін және басқа делегациялардың алдында өтеді.

Босқындардың алғашқы командасының мүшесі Йеч Пур Биль Олимпиадаға қатысу ол үшін басқа елге қоныс аударушыларға деген көзқарасты өзгерту мүмкіндігі екенін айтады.

БҰҰ Жоғарғы комиссар кеңсесінің мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша әлемде үйлерінен кетуге мәжбүр болған адамдар саны 114 миллионға жуықтаған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
Админ
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22