«Бұл маңызды заң әлемді қауіпсіз етеді»: Байден Украинаға тезірек көмек жіберуге уәде берді

АҚШ-тың шет елдерге көмек пакетінің жалпы көлемі 95 миллиард долларды (89 миллиардқа жуық еуро) құрайды

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы Украинаға миллиардтаған долларлық әскери көмек пакетін мақұлдады. Заң жобасы жергілікті уақыт бойынша сейсенбі кешке қарай Сенатта дауыс беру кезінде кеңінен қолдау тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ президенті Джо Байден осы аптада Украинаға қару-жарақ пен техниканы жөнелтуді бастау үшін аталған заң жобасына үстеліне жете сала қол қойып, америкалықтарға бірден үндеу жолдауға уәде берді.

«Бұл Ресейдің үздіксіз бомбалауына тап болған Украина үшін; Иранның бұрын-соңды болмаған шабуылдарына тап болған Израиль үшін; босқындар мен бүкіл әлемдегі қақтығыстар мен табиғи апаттардан зардап шеккендер, соның ішінде Газа, Судан және Гаити үшін және біздің Үнді-Тынық мұхиты аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ұмтылатын серіктестер үшін шұғыл түрде қажет», - делінген Ақ үй басшысының мәлімдемесінде. «Бұл маңызды заң біздің елімізді және әлемді қауіпсіз етеді. Өйткені біз ХАМАС сияқты террористерден және Путин сияқты тирандардан қорғанатын достарымызды қолдаймыз».

Зеленский АҚШ Сенатына алғысын білдірді

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Сенатына өз елі үшін маңызды көмек пакетін қабылдағаны үшін алғыс айтты. Ол заң жобасына қол қоюды асыға күтетінін атап өтті.

АҚШ-тың шет елдерге көмек пакетінің жалпы көлемі 95 миллиард долларды (89 миллиардқа жуық еуро) құрайды. Бұл соманың 61 миллиард доллары Украинаға арналған. Сонымен қатар пакетте Израильге, Газа секторының тұрғындарына және Тайваньға көмек қарастырылған.

Республикашылар үстемдік ететін АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы бірнеше ай бойғы қарсылықтан кейін Украинаға көмек пакетін 20 сәуірде бекітті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30