SIPRI: Әскери шығын барлық жерде бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп жатыр

АҚШ әскери бюджет бойынша көш бастап тұр

Нұрдәулет Кәкіш

Жалпы жаһандық әскери шығындар 2023 жылы 2,443 трлн долларға жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға өсті. Бұл туралы Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) баянддамасында айтылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

Әскери шығындар өсімі бүкіл әлемде байқалады

SIPRI мәліметнше, 2009 жылдан бері әскери шығындар өсімі барлық бес құрлықта да байқалған. 2009 жылдан бері, әсіресе, АҚШ, Қытай және Ресей әскери шығындарын көбейткені баяндалған. Мұндай үрдіс Еуропада, Азия және Таяу Шығыста да сезіледі.

«Қорғаныс шығындарының бұрын-соңды болмаған өсуі жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нашарлағанына тікелей жауап болып саналады», - деді SIPRI әскери шығындар мен қару-жарақ өндірісінің аға ғылыми қызметкері Нан Тянь. «Мемлекеттер барған сайын тұрақсыз геосаяси және қауіпсіздік саласындағы жағдай бойынша әскери күшке басымдық береді».

Украинаға әскери көмек Ресейдің шығындарындағы алшақтықты азайтады

2023 жылы Ресейдің әскери шығындары 24 пайызға өсіп, шамамен 109 миллиард долларды құрады. Бұл Ресей Федерациясы Қырымды аннексиялаған 2014 жылмен салыстырғанда 57 пайызға өскен. 2023 жылы Ресей Федерациясының қорғаныс бөлімдері мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің 16% немесе ЖІӨ-нің 5,9% жетті. Украина өткен жылы 51 пайызға, 64,8 млрд долларға дейін (елдің ЖІӨ-нің 37% - ы және мемлекеттік шығындардың 58% - ы) өскен әскери шығындар бойынша әлемде сегізінші орында тұр.

2023 жылы Киевтің әскери қажеттіліктерге жұмсаған шығындары Ресейдің қорғаныс шығындарының 59% құрады. Сонымен қатар бір жыл ішінде Украина кем дегенде 35 миллиард долларға әскери көмек алды, оның ішінде 25,4 миллиард АҚШ доллары. Жалпы алғанда, бұл көмек және Украинаның жеке әскери шығындары Ресей Федерациясының әскери шығындарының шамамен 91 пайызына тең болды.

НАТО бойынша қорғаныс саласына АҚШ ең көп қаржы жұмсайды

2023 жылы 31 елден тұратын НАТО-ға 1,341 трлн доллар әскери шығындар қажет болды. Бұл – бүкіл әлемнің 55 %. АҚШ-тың қорғаныс бюджеті 2,3 пайызға, яғни 916 миллиардқа дейін немесе альянсқа мүше мемлекеттердің жалпы әскери шығындарының 68 пайызына дейін өсті. Өткен жылы оның еуропалық мүшелерінің көпшілігі әскери шығындарын көтерді, олардың жалпы бюджеттегі үлесі 28 пайызға жетті. Бұл – онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш. Қалған 4% Канада мен Түркиядан келеді. Еуропа мемлекеттерінің арасында 2022-2023 жылдар аралығында Польша өзінің әскери шығындарын едәуір арттырған (75%, 31,6 млрд.). Бұл – әлемдегі 14-қорғаныс бюджеті.

«Украинадағы соғыстың соңғы екі жылы НАТО-ға кіретін Еуропалық мемлекеттердің қауіпсіздік саласына деген көзқарасын түбегейлі өзгертті», - деді SIPRI әскери шығындар мен қару-жарақ өндірісі бағдарламасының зерттеушісі Лоренцо Скараззато. «Қауіп-қатерді қабылдаудағы бұл өзгеріс әскери қажеттіліктерге бағытталған ЖІӨ-нің өсіп келе жатқан үлесінде көрінеді. Бұл ретте НАТО-ның мақсаты – қорғанысқа ЖІӨ-нің 2% қол жеткізу қажет шекті шама емес, базалық деңгей ретінде қарастырылуда».

Альянс мүшелері ЖІӨ-нің 2 пайызын Қарулы Күштерге жұмсауға міндеттеме алғаннан кейін он жыл өткен соң, 31 елдің 11-і 2023 жылы осы көрсеткішке жетті. НАТО әскери шығындардың кем дегенде 20% қару-жарақ пен жауынгерлік техникаға бағыттауға міндеттелді. Бұған НАТО-ға мүше 28 мемлекет қол жеткізе алды. 2014 жылы мұндай елдердің жетеуі ғана болған.

Қытайдың әскери бюджетінің өсуі көрші елдердің шығындарының өсуіне әкеледі

Соғыс бюджеті бойынша әлемдегі екінші орында тұрған Қытай өткен жылы оны 296 миллиард долларға қаржыландырды. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 6 пайызға өсті. ҚХР-да қорғаныс шығындары 29 жыл қатарынан өсуде. Бейжің Азиядағы жалпы әскери шығындардың жартысын құрайды. Қытайдың кейбір көршілері өздерінің қорғаныс шығындарының өсуін Бейжіңнің ұлғаюымен байланыстырды.

Жапония өзінің Қарулы Күштеріне 50,2 миллиард доллар бөлді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өсті. Тайваньның әскери шығындары да 11 пайызға көтеріліп, 16,6 миллиард долларға жетті.

«Қытай өзінің өсіп келе жатқан әскери бюджетінің көп бөлігін халықтық-азаттық армиясының жауынгерлік дайындығын арттыруға бағыттайды», - деді SIPRI әскери шығындар мен қару-жарақ өндірісі бағдарламасының зерттеушісі Сяо Лян. «Бұл Жапония мен Тайвань сияқты елдерді әскери әлеуетін едәуір арттыруға итермеледі және бұл үрдіс жақын арада күшейе түседі».

Таяу Шығыс: аймақтағы соғыс әскери шығындардың күрт өсуіне себеп болды

SIPRI сарапшыларының бағалауы бойынша, Таяу Шығыстағы жалпы әскери шығындар 2023 жылы 9 пайызға өсіп, 200 миллиард долларға жетті. Бұл – аймақтағы соңғы онжылдықтағы ең жоғары жылдық өсу қарқыны. Израильдің қорғаныс бюджеті Таяу Шығыстағы Сауд Арабиясынан кейінгі екінші орынға көтеріліп, 24 пайызға өсіп, 27,5 миллиард долларды құрады. Бұл негізінен 2023 жылдың қазан айында Израильдің оңтүстігіндегі ХАМАС лаңкестерінің шабуылына жауап ретінде Газа секторындағы израильдіктердің ауқымды шабуылына байланысты болды.

«Таяу Шығыстағы әскери шығындардың едәуір өсуі аймақтағы тез өзгеріп жатқан жағдайды көрсетті. Соңғы жылдары Израиль мен бірқатар араб елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың жақсаруынан бастап Газа секторындағы ірі соғыс басталғанға дейін және қақтығыстың кеңеюі мен өршуіне қатысты алаңдаушылық», - деп түсіндірді SIPRI әскери шығындар мен қару-жарақ өндірісі бағдарламасының аға ғылыми қызметкері Диего Лопес да Силва.

Израильмен қақтығыстың шиеленісуіне барған сайын алаңдаушылық туғызатын Иранның (10,3 миллиард доллармен) қорғаныс шығындары бойынша Таяу Шығыста төртінші орында. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, оның әскери бюджетіндегі Ислам революциясы сақшылары корпусына (КСИР) бөлінетін қаражаттың үлесі 2019-2023 жылдар аралығында 27% - дан 37% - ға дейін өсті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39