Албания тоқтап қалған қару-жарақ зауыттарын қайта жандандырып жатыр

Оқ-дәрі өндірісін қалпына келтіруге Албанияға Еуропа мен Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар түрткі болған

Албания Үкіметі тұралап қалған үш қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісін қайта қалпына келтіруді ойластырып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Defence News-ке сілтеме жасап.

Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі өндірістерді қайта қалпына келтіруге Еуропа мен Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар түрткі болған. Украинада соғыс басталғаннан кейін Албания да көп ұзамай өзінің әскери өндіріс кешенін жандандыруға кіріскен Еуропа елдерінің қатарына қосылды.

Пелеши елдің Қорғаныс министрлігі НАТО-ның Қолдау және сатып алу агенттігімен бірлесе отырып, үш зауытты жандандыру жобасымен жұмыс істей бастағанын айтты. Албанияның Қорғаныс министрі Нико Пелешидің айтуынша, Тирана өзінің әлеуетті өнімдеріне қажетті инвестициялық құндылық пен сұранысты анықтауға тырысады.

Албания коммунистік режим құлағаннан кейін және елдің нарықтық экономикаға көшуінен кейін өз зауыттарында қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісін тоқтатқан болатын. 1960 жылдары салынған өндіріс орындары Полисан, Элбасан және Грамшеде орналасқан. Екі зауыт демилитаризация аясында азаматтық кәсіпорынға айналды, ал Поличандағы зауыт толығымен жабылған.

Албания НАТО құрамына Хорватиямен бірге 2009 жылдың сәуірінде кірген болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02