Ресейде шенеуніктердің шетелге шығуына шектеулер күшейтілді

Reuters: «ФСБ шенеуніктердің шетелге сапары кезінде мемлекеттік құпияларды жария етуі немесе ұсталып, батысқа экстрадициялануы мүмкін деп қорқады»

Нұрдәулет Кәкіш

Ресей билігі шетелдік державалар мемлекеттік құпияларға қол жеткізуге тырысуы мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты мемлекеттік қызметкерлер үшін шетелге шығу ережелерін күшейтуде. Бұл туралы  Reuters агенттігі жағдаймен таныс тоғыз дереккөзге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Агенттікке сұхбат берушілердің айтуынша, талаптар жекелеген мемлекеттік мекемелерде әртүрлі. Кейбір шенеуніктерге Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаған көрші елдерге де баруға тыйым салынған.

«Жалпы, ешқайда баруға болмайды. Тіпті мамыр мерекелерінде Өзбекстанға немесе Беларуссияға да баруға болмайды. Рұқсат болса ғана баруға болады», - деді дереккөздердің бірі.

Шектеулерді күшейтудің негізгі себебі Федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) ресейлік шенеуніктер шетелге барып, «ұлттық қауіпсіздікке әсер ететін құпияларды беруге мәжбүр болуы мүмкін» деген қорқынышы болғанын хабарлады Reuters дереккөздерінің тағы бірі.

ФСБ сонымен қатар шенеуніктерді ұстап алып, содан кейін батысқа қарай экстрадициялауы немесе «құпияларды ашуды» білдіретін мәміле ұсынуы мүмкін деп санайды. Дереккөздердің бірі Севастопольдің бұрынғы губернаторы Дмитрий Овсянников қаңтар айында Лондонда ұсталғаннан кейін ережелерді қатаңдату туралы шешім қабылдағанын айтты.

Агенттік жазғандай, ФСБ-ның өтініші бойынша Үкімет жекелеген ведомстволардың қызметкерлеріне арнайы рұқсатсыз елден кетуге тыйым салады. Дереккөздің енді бірі ережелер құпия ақпаратқа рұқсат деңгейіне байланысты өзгеретінін түсіндірді. Ресей Парламентіндегі дереккөз төменгі палата қызметкерлеріне шетелге кез келген сапарға тыйым салынғанын айтты.

«Мен тіпті Минскіге бара алмаймын», - деді ол.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30