Иран ядролық державаға айналмай тұрғанда, оны жеңу керек – Bild

Демалыс күндері Иран Израильге қарата 300-ге жуық зымыран ұшырды

Әскери сарапшы және тарихшы Майкл Вольфсон Иран ядролық державаға айналмай тұрып, оны жеңу керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Демалыс күндері Иран Израильге қарата 300-ге жуық зымыран мен ұшқышсыз ұшақ арқылы шабуыл жасады. Осыған қарамастан, Израильдің әуе қорғанысының сақтығы, сол сияқты АҚШ пен Иорданияның әскери көмегінің арқасында шабуыл еш нәтиже бермеді.

Ал премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль Иранның шабуылына жауап беретінін мәлім етті.

Тарихшы және әскери сарапшы Майкл Вольфсон мұндай жағдайда әскери күшею Израиль үшін тиімді екеніне күмән танытты.

«Газа секторының шетіндегі Израиль халқы әлі де 100 пайыз қорғалмаған. Ал артиллериялық қашықтықтағы Израильдің солтүстігіндегі халық Ливаннан «Хезболланың» агрессивті әрекеттерінен қорғалмаған. Израиль Иранға шабуыл жасамас бұрын алдымен өз азаматтарының қорғалуына кепілдік беруі керек», - деді Вольфсон Bild-ке берген пікірінде.

Оның Иранға соққы беруге қарсы тағы бір дәлелі: Израиль саяси сахнада жақында ғана әлемнің көзайымына ие болды.

«Менің ойымша, қазір одақтастардың қоғамдық пікіріне қайшы әрекет ету арқылы саяси және психологиялық қолайлы жағдайды нашарлату қателік болар еді. Алдымен Рафах, сосын «Хезболла», ары қарай Иран. Ядролық держава болмай тұрып, Иранды жеңу керек», - деді Вольфсон.

Оның айтуынша, Батыс саясаткерлерінің баллистикалық зымырандармен және ұшқышсыз ұшақтармен қарулануын күшейтіп жатқан Иранға қалай қарсы тұру керектігі туралы стратегиялық жоспар жоқ.

__Последние новости

  • Басты назарда

Курсанттардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Бүгін, 10:25
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

Кеше, 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13