МАГАТЭ басшысы: Әлем ядролық апаттың алдында тұр

Ол Запорожье атом электр станциясына шабуыл жасалғанын айтты

Нұрқанат Омарұлы

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында әлем ядролық апаттың алдында тұрғанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рафаэль Гросси БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне айтқан сөзінде жақында Запорожье атом электр станциясына қарата оқ атылғанын туралы айтты. Бір апта бұрын дрон станцияның алты ядролық реакторының бірінің күмбезіне соғылған.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Мәскеуді де, Киевті де соққы үшін айыптаған жоқ, бірақ мұндай оқиғалар қайталанбауы керек деп мәлімдеді.

«Біз ядролық апаттың алдында тұрмыз. Мұндай жағдайға немқұрайлылық танытпауымыз керек және ертеңгі күннің тағдырына атүсті қарамауымыз тиіс. Бүгін біз апат қаупін азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», - деп атап өтті Рафаэль Гросси.

Украинаға америкалық көмек

Осы уақытта АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон жабық кездесуде Конгрессмендерге Украина, Израиль және Тайвань елдеріне көмек көрсету және АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері туралы төрт бөлек заң жобасын ұсынды.

Ал республикашылар әр мәселе бойынша бөлек дауыс беруді талап етті: олардың бір бөлігі Украинаны кез-келген қаржылық қолдауға қарсы, екіншісі Ақ үйден АҚШ-тың оңтүстік шекарасын заңсыз мигранттардан қорғау үшін шұғыл шараларды талап етеді.

Euronews мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында Сенат қабылдаған 95 миллиард долларлық (14 млрд доллары – Израильға, 60 млрд – Украинаға) көмек жайындағы құжаттан жаңа ұсыныстың айырмашылығы бар, ол оның Конгрес тарапынан мақұлдана қою мүмкіндігін төмендете түсті дейді бақылаушылар. 

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59