АҚШ айға өзінің уақыт жүйесін енгізуді қолға алды

«Айдағы ауырлық күші сәл әлсіз, ал сағат басқаша жүреді»

Нұрдәулет Кәкіш

Ақ үй NASA-ға айдың уақытын есептеудің бірыңғай стандартын құруды тапсырды. Бұл жердегі сияқты уақыт белдеуі жүйесі емес, айдың өзіндік уақыт жүйесі болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселен, айдағы тартылыс күші Жерге қарағанда төмен және ондағы уақыт жердегі күштен күніне 58,7 микросекундқа озып, жылдамырақ қозғалады. Яғни, бір секундтық айырмашылық 46-47 жылда жинақталады.

Бір қарағанда, бұл аз, бірақ ғарышқа ұшуды синхрондау үшін тіпті мұндай айырмашылық айтарлықтай болуы мүмкін.

Шотландияның Корольдік астрономы, профессор Кэтрин Хейманс ВВС-ге берген сұхбатында:

«Біздің ғаламдағы гравитацияның негізгі теориясының маңызды салдары бар. Уақыт ғаламның әртүрлі жерінде әртүрлі болады», - деп түсіндірді. «Айдағы ауырлық күші сәл әлсіз, ал сағат басқаша жүреді».

Жерде уақыт планетада орналасқан жүздеген атомдық сағаттармен өлшенеді, олар атомдардың өзгеретін энергетикалық күйін анықтайды және уақытты наносекундқа дейін белгілейді.

Егер бұл атом сағаты айға қойылса, жарты ғасырдан кейін олар жермен салыстырғанда бір секундқа жылдам болар еді.

NASA ғарыштық байланыс және навигация қызметінің басшысы Кевин Коггинс:

«Айдағы атом сағаттары жердегі сағаттардан басқа жылдамдықпен жүреді», - деп растады. «Сондықтан сіз басқа ғарыштық денеге, мысалы, айға немесе Марсқа ұшқанда, өз санағыңыз болғаны дұрыс».

NASA ай уақытын енгізгісі келетін жалғыз ұйым емес. Еуропалық ғарыш агенттігі де өзінің уақыт жүйесін дамытумен айналысады.

Сондықтан жаңа уақытқа қатысты келісіп, үйлестіру ұйымын құруға тура келеді, оның функцияларын қазіргі уақытта халықаралық өлшемдер мен таразылар бюросы орындайды.

Мысалы, ХҒС-та қазір жалпы келісіммен Бүкіләлемдік үйлестірілген уақыт (UTC) қолданылады, өйткені станция төменгі орбитада.

Келісуді қажет ететін тағы бір сұрақ: жаңа есептеуді қай сәттен бастап енгізу керек және ол қаншалықты таралуы керек?

АҚШ CLT-ті 2026 жылға қарай, айға жоспарланған басқарылатын ұшу уақытына дейін енгізгуді көздеп отыр.

1972 жылғы «Аполлон» 17 миссиясынан кейін «Артемида-3» миссиясы Ай бетіне алғашқы болып қонуға уәде беруде. Ғарышкерлер тобын айдың оңтүстік полюсіне қондыру қажеттілігі айтылған. Онда күн сәулесі ешқашан түспейтін жерде мұздатылған судың үлкен қоры бар деп есептеледі.

Бұл миссияның сәтті болуы наносекундтарға дейін өте дәл орналасуды қажет етеді, өйткені кез келген ауытқу ғарыш аппаратын дұрыс емес орбитаға жіберуі мүмкін.

Сонымен қатар «Артемида-3» – айға жоспарланған көптеген мемлекеттік және жеке экспедициялардың бірі ғана. Егер бұл экспедициялар арасында уақыт бойынша тиісті үйлестіру болмаса, бұл деректерді жіберуде және ғарыш аппараттары, спутниктер мен жер арасындағы байланысты сақтауда күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39