«Күдіктілерді азаптауға болмайды»: Ресейлік омбудсмен лаңкестерге жасалған зорлық-зомбылық туралы

Москалькованың айтуынша, ұстау кезінде күдіктілерге зиян келтіру әрекеттері үшін қауіпсіздік қызметкерлері жауапкершілікке тартылмайды

Нұрдәулет Кәкіш

«Крокус Сити Холлда» террорлық шабуыл жасады деген күдіктілердің ұсталуына қатысты түсініктеме берген Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова ұсталғандар мен айыпталушыларға азаптауды қолдануға мүлдем жол берілмеуі керектігін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

«Кез келген іс жүргізу әрекеттері заңға сәйкес жүргізілуі керек», - деп келтіреді ресейлік ақпарат агенттіктері омбудсменнің сөзін.

Сонымен қатар Москалькова қылмыскерлерді ұстау «аяусыз» түрде болатынын және қымыскерлерге зиян келтіруіне байланысты қауіпсіздік күштерінің әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын атап өтті.

Мәскеу маңындағы Красногорскідегі «Крокус Сити Холлға» шабуыл 22 наурыз күні кешке болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 139 адам қайтыс болды, 182 адам зардап шекті. ФСБ қылмыстық іс аясында 11 адам, оның ішінде төрт тікелей орындаушы, Тәжікстан азаматтары ұсталғанын хабарлады. Басман соты оларды 22 мамырға дейін қамауға алды. Істің тағы үш қатысушысы келесі күні қамауға алынды.

БАҚ пен Telegram арналарында жарияланған фото және бейне материалдарға қарағанда, күдіктілер ұсталғаннан кейін азаптауға ұшыраған. Кейбір дереккөзіне сәйкес, ресейлік құқыққорғау қызметкерлері күдіктілердің бірінің құлағын кесіп, оны өзіне жеуге мәжбүр еткен көрінеді. Тағы бір ықтимал террорист сот залына жансақтау бөлімінен жеткізілген.

«Азаптауға қарсы команда» («Команда против пыток») адам құқықтары бірлестігі 25 наурызда «Крокус Сити Холлда» лаңкестік әрекетті жасады деп қолға түскен күдіктілерге қатысты қауіпсіздік күштерінің зорлық-зомбылығын айыптайтын мәлімдеме жариялады.

«Азаптаудан зардап шеккендер көбінесе зорлық-зомбылықты тоқтату үшін жалған ақпарат береді, сондықтан осылайша алынған айғақтардың мәні  аса жақсы емес», - делінген құжатта.

Күдіктілерге қатысты азаптау туралы журналистердің сұрағына Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков:

«Мен бұл сұрақты жауапсыз қалдырамын», - деді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39