«АҚШ басқалар үшін жарна төлемейді»: Трамп НАТО-дағы серіктестеріне үндеу тастады

Америкалық саясаткер Солтүстік Атлантикалық альянс АҚШ-қа қарағанда Еуропа елдері үшін «маңыздырақ» деген пікір білдірді

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп жеңіске жеткен жағдайда, Еуропалық Альянс мүшелері өз жарналарын әділ түрде төлесе, елді НАТО-дан шығармайтынын айтты. Трамптың бұл сөздері британдық GB News бағдарламасының эфирінде «Брекзит» партиясының бұрынғы жетекшісі Найджел Фарадждың сұрағына жауап ретінде айтылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

«Америка Құрама Штаттары өзінің әділ үлесін төлейді (НАТО-дағы қорғаныс шығындары - Ред.) және басқалар үшін жарна төлеудің қажеті жоқ», - деп атап өтті Трамп.

Ол Солтүстік Атлантикалық альянс Еуропа елдері үшін АҚШ-қа қарағанда «маңыздырақ» деген пікір білдірді.

«Біздің арамызда және кейбір мәселелерде (Еуропада. - Ред.) мұхит жатыр. Үлкен, әдемі мұхит», - деп атап өтті америкалық саясаткер.

10 ақпанда Оңтүстік Каролинада өткен митингіде Дональд Трамп НАТО елдерінің бірінің жетекшісімен болған әңгімесін айтқан болатын.

Трамп ірі ел президенттерінің бірі орнынан тұрып: «мырза, егер біз төлем жасамасақ, Ресейдің шабуылына ұшырасақ, сіз бізді қорғайсыз ба?» - деп сұрағанын айтты. Жауап ретінде оған сол елді қорғауды қамтамасыз етпейтінін, керісінше, Ресейді қалағанын істеуге шақыратынын атап өткен.

«Сіз шоттарды төлеуіңіз керек», - деді Трамп АҚШ-тың Альянс серіктестеріне.

Осыдан кейін НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік Атлантикалық альянс әскери қауіп төнген кезде барлық одақтастарды қорғауға дайын және мүмкіндігі бар деп сендірді.

Трамптың сайлаудағы қарсыласы, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден қарсыласының сөздерін қауіпті деп атады. Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррел Еуропа елдерін өздерінің қорғаныс әлеуетін арттыруға шақырды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30