«Біздің туымыз – көк-сары»: Киев Рим Папасының Украинаға қатысты мәлімдемесіне жауап берді

Рим Папасы Франциск Украинаны соғысты тоқтату үшін «Ақ ту» көтеріп, келіссөз жүргізуге шақырған

Нұрдәулет Кәкіш

Украиналық шенеуніктер Рим Папасы Францисктің Киевті келіссөздер жүргізуге шақырған үлкен мәлімдемесін сынға алды. Понтификтің «ақ ту» туралы айтқан сөздеріне жауап ретінде Киев Украина күресті жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Рим Папасы Франциск Швейцарияның RSI хабар таратушысына берген сұхбатында мәлімдеме жасады.

«Менің ойымша, халықты ойлайтын адам келіссөздер жүргізу үшін «ақ туды» көтеруге батылдық танытуы керек. Шетелдік державалардың көмегімен келіссөздер жүргізуге болады. «Келіссөздер» батылдық деген сөз. Бұлай жасауға жайсыз шығар, бірақ бұл соғыстың қаншама өлім?..» - деді Рим Папасы.

Францисктің мәлімдемесінен кейін бірден Украинаның әлеуметтік желілерінің көптеген қолданушылары қатты сыни пікірлер жариялай бастады. Көп ұзамай оларға шенеуніктер де қосылды.

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Х желісінде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ватиканның позициясын меңзеді. Онда Рим Папасы Пиус, кейбір тарихшылардың пікірінше, нацистердің еврейлерді жаппай өлтіруі туралы білген, бірақ ештеңе жасамаған.

«Мен тарихи қателіктерді қайталамауға және Украина мен оның халқын өз өмірі үшін әділ күресте дәйекті түрде қолдауға шақырамын», - деп жазды Кулеба. «Біздің ту-көк-сары. Оның астында біз өмір сүреміз, өлеміз және жеңеміз. Біз басқа жалауларды көтермейміз».

Украина СІМ басшысы Францискке «бейбітшілік үшін үнемі дұға еткені үшін» алғысын білдіріп, Еуропаның жүрегіндегі екі жылдық жойқын соғыстан кейін ол Украинаға украиндық католиктерді, жалпы христиандарды және барша украиндықтарды қолдауға мүмкіндік табадыдеген үмітін білдірді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39