Украинаның Ресеймен Суданда да соғысып жатқаны рас па?

Украинаның әрекеттері Ресейдің шетелдегі әскери және экономикалық операцияларын бұзуға бағытталған

Украинаның арнайы күштері Судандағы көтерілісшілер мен «вагнершілерге» қарсы азаматтық соғысқа қатысып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Украинаның әскери барлау бастығы Кирилл Буданов басылымға берген пікірінде әскери қызметшілердің Суданға жіберілгенін растаудан бас тартты. Бірақ оларды орналастырудың негізі туралы тілге тиек етті.

«Соғыс – қауіпті іс. Біз Ресеймен толыққанды соғыс жүргізіп жатырмыз... Олардың әлемнің әр түкпірінде бөлімшелері бар, кейде біз оларға соққы беруге тырысамыз», - деп атап өтті ол.

Басылымда украин әскери қызметшілері Судан сарбаздарын Ресейдің Үлкен армиясына қарсы тұруға көмектесетін тактикаларға, соның ішінде дрондарды қолдануға үйрете бастағаны айтылған.

WSJ мәлімдегендей, украиндықтар ақпан айында Суданға жоғары дәлдіктегі әуе шабуылдарын жасай алатын түріктің Bayraktar TB2 дрондарын жеткізуге көмектескен.

2023 жылдың 6 қарашасында «Kyiv Post» газеті Украинаның арнайы күштері Судандағы «Вагнер» тобындағы жалдамалыларды іздеп жатқанын көрсететін екі бейнені жариялады. Дегенмен Украина Үкіметі Судандағы жауынгерлік бөлімшелердің орналасуын да, осы елдегі вагнерлерге қарсы операцияларды да ресми түрде мойындамады. 5 ақпанда дәл осы басылым Суданда «вагнерліктерден» жауап алудың жаңа бейнесін жариялады.

Судандағы Азаматтық соғыс Судан Қарулы Күштері мен жедел әрекет ету күштері арасында 2023 жылдың 14 сәуірінде басталды. Судан Қарулы Күштері – әскерилендірілген ұйым. Суданың астанасында басталған бұл әскери қимылдары көп ұзамай елдің басқа өңірлерінде де болды.

Сондай-ақ Суданда алтын өндірумен және әскери дайындықпен айналысатын «Вагнер» жекеменшік әскери компания жұмыс істейді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39