АҚШ тың бұрынғы дипломаты тыңшылық жасағанын мойындады

АҚШ заңдылығы бойынша осындай қылмысы үшін ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ дипломаты 40 жыл бойы Кубаның агенті болғанын мойындады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.

73 жастағы Виктор Мануэль Рошаға АҚШ Мемлекеттік департаментінде жұмыс істеген 1981 жылдан бастап коммунистер басқаратын Куба Үкіметіне ақпаратты құпия түрде бергені үшін айып тағылды.

Майамидегі сотта ол мұны растады. Адвокаттар мен прокурор кінәні мойындау туралы келісім жасалғанын айтты.

Дәлел ретінде тергеушілер жасырын камералардың жазбаларын ұсынды, онда айыпталушы Кубада ондаған жылдар бойы марқұм Президент Фидель Кастроны мадақтап, АҚШ-ты «жау» деп атағанын мойындады. Ол сондай-ақ өзіне және Кубаға қатысты «біз» терминін қолданды.

Ұсынылған дәлелдерді ескере отырып, Рошаның адвокаттар тобы оны мойындауды ең ақылды шешім деп санайды. Оған соңғы үкім 12 сәуірде шығарылады.

Естеріңізге салсақ, Фидель Кастро АҚШ қолдайтын үкіметті құлатқаннан кейін АҚШ пен Куба арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті. 1960 жылдардан бастап Америка Құрама Штаттары сауда эмбаргосын енгізді.

Виктор Роша 1999 жылдан 2002 жылға дейін Боливияда елші болып жұмыс істеді. 25 жыл бойы әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды, соның ішінде Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінде еңбек етті. Боливиядан басқа ол Аргентина, Гондурас, Мексика және Доминикан Республикасында қызмет істеді.

Ол 1981 жылдан бастап Кубаның агенті болған. АҚШ заңдылығы бойынша осындай қылмыстары үшін ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30