Жозеп Боррель: Украинадағы соғыстың тағдыры алдағы айларда шешілуі мүмкін

Оның айтуынша Украина ЕО-ның көбірек қолдауына мұқтаж

Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Украинадағы соғыстың тағдыры алдағы айларда шешілуі мүмкін деп санайды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өз сөзінде Украина ЕО-ның көбірек қолдауына мұқтаж екенін айрықша атап өтті. Айтуынша, Киевке Еуроодақтың көрсетіп жатқан «азаматтық, әскери, экономикалық және гуманитарлық көмегі» АҚШ-тың көмегінен асып түседі. Бірақ Еуропа Одағы «Украинаның қарсылық көрсеткенін» қаласа, «ауқымдырақ және жылдамырақ көмек көрсетуі керек».

Еуропа қазір қауіпті әлемде өмір сүріп жатқанын түсінді, деп атап өтті Еуроодақ дипломатиясының басшысы. Енді оған «оянып», жауапкершілікті қабылдауы, қорғаныс қабілетін арттыруы және «кез келген жағдайға» дайын болуы керек.

Жозеп Боррель сөз арасында Еуропа елдері Украинадағы соғысқа қатыспағанын айта келе, бұл олар үшін қаншалықты қауіпті екенін «толық түсінбейтінін» айтты.

«Ресей – Навальный сияқты қарсыластарын жоюға немесе Еуропа жеріндегі қашқындарды жоюға қабілетті, демократиялық режимі жоқ ел. Біз оның Еуропаның іргесінде пайда болуын және әлемдік астық нарығының 36% бақылауында болғанын қалаймыз ба?!» - деп риторикалық сұрақ қойды Еуропа басшысы.

Дипломат сондай-ақ, еуропалықтар Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетсе, Америка әскерінің қорғауынан айырылып қалады деп қорқатынын атап өтті.

«Біз жасарып келе жатқан әлемдегі қартайған континентпіз. Сол себепті де қорқыныш пен үрейдің құшағында жүреміз», - деді Боррель.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22