Украинаның отарлануы, Батыспен диалог, Польша мен Латвияға әскер жіберу: Путин жоспары туралы айтты

Сол сияқты Ресейдің Латвияға, Польшаға қатысты аумақтық талаптары туралы айтты

Нұрдәулет Кәкіш

Ресей президенті Владимир Путин атышулы америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат беріп, алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Америкалық журналист Такер Карлсон Ресей президенті Владимир Путинмен сұхбат құрды. Екі сағаттық әңгіме журналистің жеке сайтында жарияланды. Сұхбат сонымен қатар Х әлеуметтік желісінде жарияланғаннан кейінгі алғашқы 50 минутта 10 миллион қаралым жинады.

Сұхбат барысында Владимир Путин Украинадағы жағдайға қатысты өз пікірін білдіріп, Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы туралы айтты. Ол Ресейдің ешкімге шабуыл жасамайтынын, бірақ өз елін және оның болашағын қорғайтынын еске салды. Сондай-ақ ол Ресейдің Латвияға, Польшаға қатысты аумақтық талаптары жоқ екенін және Ресейдің батыспен диалогқа дайын екенін атап өтті.

Путин Украинаға қатысты әңгіменің әлқиссасын 862 жылдан бастап, арғы-бергі тарихты сөз етіп, алыстан орағытты.

«Поляктар ондаған жылдар бойы халықтың осы бөлігін отарлаумен айналысып, өз тілдерін кіргізді. Олар (украиналықтар) орыс емес деген идеяны енгізе бастады. Өйткені олар өлкеде «у края» тұратындықтан, олар украиндар деп таңды. Бастапқыда «украин» сөзі осы аймақ тұрғындары мемлекеттің шетінде («окраина») немесе шекара қызметімен айналысатындығын білдірді. Бұл белгілі бір этникалық топты білдірмеді», - деді Путин.

Владимир Путинмен сұхбат барысында америкалық журналист Такер Карлсон Ресейдің Польша мен Латвияға өз әскерлерін жіберудің ықтимал жоспарлары туралы сұрақ қойды. Бұған жауап ретінде Путин мұндай жоспарлар жоқ екенін, өйткені Ресейде бұл елдерге ешқандай мүдде жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, екі сағаттық әңгіме журналистің жеке сайтында жарияланды. Сұхбат сонымен қатар Х әлеуметтік желісінде жарияланғаннан кейінгі алғашқы 50 минутта 10 миллион қаралым жинады. Ал сұхбаттың орыс тіліндегі нұсқасы 9 ақпан күні Кремль сайтында жарияланды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39