ОСК Путинге қарсы кандидатты тіркеуден бас тартты

Орталық сайлау комиссиясы Борис Надеждин жинаған қолдың біраз бөлігін жарамсыз деп таныды

Нұрдәулет Кәкіш

РФ Орталық сайлау комиссиясы Борис Надеждиннің Ресей президенттігіне үміткер ретінде сайлауға қатысуына жол бермеді. ОСК-ның жұмыс тобы бұған дейін берілген қолдың біраз бөлігін жарамсыз деп таныды. Надеждиннің командасы ОСК-ға қолдардың қате қабылданбағанын дәлелдей алмады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі отырыста ОСК Надеждинді тіркеуден бас тартуға дауыс берді. Саясаткер қол қоюды тексеруді жалғастыру үшін тіркеу туралы шешімді 10 ақпанға дейін кейінге қалдыруды сұрады. Бірақ комиссия басшысы Элла Памфилова мерзімін ұзартудан бас тартты.

ОСК Надеждиннің 9 147 қолын жарамсыз деп таныды. Яғни бұл – 104 734 қолдың 8,7 пайызы. Олардың арасында 11 қайтыс болған адамның қолдары бар деген болжам бар. Осыған қатысты ОСК төрағасының орынбасары Николай Булаев ерекше наразылық білдірген.

«Бұл – шектен шыққандық. Бірақ мен кандидаттарды кінәламаймын. Олар әртүрлі адаммен жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ егер қол қойғандардың арасында қайтыс болғандар пайда болса, басқаша болуы мүмкін емес, бүкіл тізім бұзылады. Олай болмауы керек. Шекарадан өтуге болмайды», - деді ол.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Борис Sarbaz.kz порталында Надеждиннің атқарған жұмыстары туралы жарияланған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02