Ауғанстанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің ұшқышы төтенше жағдайдың себебін атады

Ұшқыш Грачев Ауғанстанда құлаған ұшақ таудың шыңына қонғанын айтты

Нұрдәулет Кәкіш

Ауғанстандағы Falcon 10 ұшағының апатқа ұшырауы техникалық мәселелерге байланысты болды. Бұл туралы апаттан аман қалған әуе кемесінің ұшқышы Аркадий Грачев мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ол экипаж мүшелері ұшақты таудың шыңына қондыра алғанын айтты. Сонымен қатар ол мамандардың сауатты әрекеттерінің арқасында Falcon 10 тұңғиыққа құламағанын айтты.

«Біз бір жарым күнді аязда өткіздік. Аяқ киімнің бауын жағып, жылынуға тура келді. Содан кейін медицина мамандары бізді тасымалдай бастады. Бізді төрт мың метр биіктіктегі қалың қардан алып шықты», - деп есіне алды ұшқыш.

Грачевтің айтуынша, ең жақын ауылға жету үшін шамамен бес сағат қажет болды. Басқа да тірі қалғандармен бірге оны куәлік беру үшін прокуратураға шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар журналистер ұшқыштан Falcon 10 бортында көп ақша болған деген ақпаратқа түсініктеме беруін сұрады. Алайда Грачев бұл мәліметті жоққа шығарып, салонда қолма-қол ақша болмағанын мәлімдеді.

Ауғанстан аумағындағы Бадахшан провинциясында ұшақ апаты 2023 жылдың 21 қаңтарында болды. Жеке санитарлық рейс жасаған әуе кемесі науқас әйелді Үндістаннан Ресей Федерациясына жеткізуі керек болған.

Бортта барлығы алты адам отырған. Олардың екеуін құтқару мүмкін болмады. Тірі қалған төрт адам Кабула қаласындағы ауруханаларда медициналық көмек алып, 26 қаңтар күні Мәскеуге жеткізілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02